Көкшетау қаласындағы резервуарлар паркінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында ақмолалық құтқарушылар өрт қауіптілігі жоғары объектіде өрт туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін пысықтады.
Оқу-жаттығуға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары қатысты. Жеке құрам өрт сөндіру техникасын жедел өрістетуді, хабарлау жүйесін ұйымдастыруды және өрт сөндіргіш заттарды беруді пысықтады.
Шартты өртті ауа-механикалық көбікпен сөндіруге ерекше назар аударылды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар арнайы қорғаныс костюмдерінде жұмыс істеп, белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтады.
Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін оқу-жаттығуға талдау жүргізілді. Жеке құрамның іс-қимылдары, бөлімшелердің үйлесімді жұмысы және резервуарлар паркі объектілеріндегі ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға күштер мен құралдардың дайындығы бағаланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1307778?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау