🏆 «AYUL SPORT–2026»
ӨҢІРЛІК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІСТЕРІ!
5–9 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5–9 қазан күндері ауыл балалары арасында өткен «AYUL SPORT–2026» облыстық турнирінде Жаңасемей ауданының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты!
🥇 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА!
Екі баскетбол командасы республикалық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды!
🏀 Баскетбол — қыздар арасында
«А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ командасы үздік нәтиже көрсетіп, республикалық жарысқа жолдама алды.
👨🏫 Бас жаттықтырушысы:
Үмертаев Бақытбек Әбрешұлы
🏀 Баскетбол — ұлдар арасында
«Шүлбі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ командасы да жоғары ойын деңгейін көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама иеленді.
👨🏫 Бас жаттықтырушысы:
Исмурзин Дархан Шафхатұлы
⚽ Шағын футбол — ұлдар арасында
«Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары тартысты бәсекеде жүлделі ІІ орынға 🥈 ие болды.
👨🏫 Бас жаттықтырушысы:
Түрлыбеков Дәурен Отанұлы
👏 Жеңістеріңіз құтты болсын!
Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық жарыстарда сәттілік, сенімді ойын және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!
Жас ұрпақтың спорттағы жетістіктеріне үлес қосып жүрген жаттықтырушыларға кәсіби шеберлігі, еңбегі мен табандылығы үшін алғыс білдіреміз!
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН!
Жаңасемей жастары — жарқын болашақтың жеңімпаздары!
“`
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-zhanasemey/press/news/details/1308351?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау