📢 Құрметті кәсіпкерлер!
Кәсіпкерлік бөлімі төмендегі санаттарға 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар берілетінін хабарлайды:
🔹 Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері — Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер (акцизделетін өнімдерге қатысты қызмет түрлерін қоспағанда);
🔹 «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары (үйлестіруші — облыстық Кәсіпкерлер палатасы).
Міндетті шарттар: ✅ Қоса қаржыландыру — грант сомасының кемінде 20%-ы; ✅ Жаңа жұмыс орындарын ашу; ✅ Инвестициялық жоспардың болуы.
Қажетті құжаттар: 📌 Жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама; 📌 ЖК/ЖШС-ның есепшотында қоса қаржыландыруға қажетті қаражаттың бар екенін растайтын банктік үзінді көшірме; 📌 Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін растайтын құжат.
Грант қаражатын мына мақсаттарға пайдалануға болады: • Жабдықтар, шикізат және материалдар сатып алу; • Материалдық емес активтер мен технологияларды сатып алу; • Франшиза сатып алу; • Зерттеу жұмыстарын жүргізу.
❌ Грант қаражатын мына мақсаттарға пайдалануға болмайды:
-
Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алу;
-
Жалға алу ақысын төлеу;
-
Қолданылған жабдықтарды сатып алу;
-
Жеңіл автокөлік сатып алу;
-
Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу;
-
Үлестес немесе байланысты тұлғалардан, сондай-ақ жақын туыстардан жабдық сатып алу.
«KEZEKTE.KZ».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prom-osakarovka/press/news/details/1308292?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау