Қарттар мен мүгедектер күніне орай Ақтүбек ауылдық округінде қайырылымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында ауылдағы бірқатар қарт азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Аталған игі шараның мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қамқорлық таныту және қоғамда мейірілімділік пен қайырылымдылық құндылықтарын насихаттау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-aktubek/press/news/details/1308291?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау