Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілдері «Казахстан Aselsan инжиниринг» ЖШС аумағында өткен оқу-жаттығу дабылына қатысты. Дабыл барысында зауыт персоналының, жауапты тұлғалардың, операторлардың және апаттық-құтқару қызметінің іс-қимылы, сондай-ақ зардап шеккендерді эвакуациялау, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету және арнайы техникалық құралдарды дұрыс пайдалану бағаланды. Шара соңында оқу-жаттығу қорытындыланып, анықталған кемшіліктер мен ескертулер талқыланды.
Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1308466?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау