Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы «Ел-Даулет» асханасын тексеру нәтижесімен асхананы тоқтату туралы ұйғарым шығару барысында аудандық прокуратураны ескертпеген. Осылайша Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасының талаптары бұзылған.
Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық прокуратурамен Бөкей ордасы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы ӘҚБтК-тің 666-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгінгі таңда айыппұл толықтай өндірілді.
Прокуратура бұндай заң бұзушылықтарға жол берілген жағдайда әкімшілік жауаптылықтың көзделгені туралы ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1308672?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау