Жезқазғанда қала тазалығын қамтамасыз ету, құқық бұзушыларды анықтауда Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін пайдалану және осы бағыттағы жұмыстың нәтижелері талқыланды. Кездесу Ұлытау облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында өтті.
Жезқазған қаласының қоғамдық кеңес мүшесі Серік Дүйсен ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Руслан Дінмұхаммедовпен кездесіп, қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде бейнебақылау арқылы тазалық талаптарын бұзу деректерін анықтауға және құқық бұзушыларды табуға ЖБО-ның қандай көмек көрсететініне назар аударылды. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс пен оның нәтижелері сөз болды.
Сондай-ақ тараптар алдағы жоспарларды талқылап, қала тазалығын сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда орталық мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін қарастырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1308676?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау