ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Грекияның Metlen Energy & Metals өнеркәсіптік тобының делегациясымен кездесті. Тараптар компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу және олардан мыс, мырыш, никель, кобальт пен басқа да бағалы металдарды бөліп алу жобасының іске асырылу барысын талқылады.
Делегация құрамында M Critical & Rare Metals бағытының коммерциялық директоры Александрос Контузоглу және Metlen Energy & Metals компаниясының заң кеңесшісі, Қазақстан-Грекия іскерлік кеңесінің тең төрағасы Томас Ламнидис болды.
«Компанияның металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жоспарлары Үкіметтің өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстарды тиімді пайдалану және қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту басымдықтарына сәйкес келеді. Біз жобаны одан әрі дамытуға, сондай-ақ бейінді министрліктермен, әкімдіктермен және қазақстандық компаниялармен өзара іс-қимылды жолға қоюға жәрдемдесуге дайынбыз», – деді Ардақ Зебешев.
Кездесу барысында тараптар жобаны кезең-кезеңімен іске асыру моделін, логистика мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобаны іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеуге дайын.
А. Зебешев Metlen делегациясын 22 қазанда Шымкент қаласында өтетін Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелге (KGIR) қатысуға шақырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1308679?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау