Сарыағаш ауданында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту және ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар және Дихан баба елді мекендерінде жаңадан салынып жатқан медициналық нысандарға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы мердігер ұйымдар мен жауапты сала мамандарына құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай сапалы орындап, нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, тапсырыс беруші мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс барысында орын алған кемшіліктерді ретке келтіру қажеттегін ескертті.
Айта кетсек, Ақжар елді мекеніндегі Медициналық нысанның жұмыстары толықтай аяқталған.
Ал Дихан баба елді мекеніндегі қазіргі таңда ғимараттың ішкі құрылысы жалғасуда есік терезе орнатылған, бөлмелерге ленолиум төселуде,сыртқы абаттандыру жұмыстары жургізілуде.
Медициналық нысандар толық аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындары алғашқы медициналық-санитариялық көмекті заманауи талаптарға сай жаңа ғимараттарда ала алады. Бұл өз кезегінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1308696?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау