Ақтау әкімдігінде әдеп нормаларын сақтау мәселесі талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін, 9 қазан күні Ақтау қаласының әкімдігінде қала әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы Назгүл Серікованың төрғалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту және қызметтік әдепті сақтау бағытындағы мәселелер талқыланды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1308695?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version