Сарыағаш ауданында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін ескере отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты қолдау және халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Жібек жолы елді мекеніндегі А. Ақбердиев көшесінің бойында орналасқан спорт және балалар ойын алаңшасына іргелес аумақта демеушілік қаражат есебінен волейбол алаңының құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ақжар елді мекенінде балалар ойын және спорт алаңшаларының құрылысы аяқталуға жақын. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев нысандарды аралап, атқарылған жұмыстардың барысымен танысып, құрылыс сапасына, балалардың қауіпсіздігіне және орнатылған жабдықтардың талаптарға сәйкестігіне назар аударды.
Қазіргі таңда Ақжар елді мекеніндегі нысандарда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Көгал төсеу жұмыстары ғана қалған. Құрылыс жұмыстарын «TAT HOLDING» ЖШС жүргізуде.
Жоба аясында балаларға арналған ойын элементтері, әткеншектер мен сырғанақтар, спорттық жаттығу құрылғылары және шағын футбол алаңдары орнатылған. Сондай-ақ аумақтарды кешкі уақытта пайдалануға мүмкіндік беретін жарықтандыру жүйелері қарастырылған.
Аталған бастамалар ауыл тұрғындарының, әсіресе балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1308694?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау