Күн: Қазан 17, 2026

  • «Әуе патрулі» жобасының көмегімен Абай облысының прокурорлары браконьерлік фактілерін анықтады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

          Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Көкпекті ауданындағы Жайсан көлінде браконьерлікфактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.     Көлдің жекелеген учаскелерінде балық аулауға жыл бойы тыйым салынған.     Рейд барысында заманауи ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен заңсыз орнатылған 51 балық аулау торлары анықталды.     Олардың ішінде 600-ден астам балық болған. Торлар тәркіленіп, балықтар көлге…

  • Қазақстан Римде өткен «Тұқымнан тағамға дейін» жаһандық көрмесінде астық өндіру мен өңдеу әлеуетін таныстырды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан 2026 жылғы 8–12 қазан аралығында Рим қаласында өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) «Тұқымнан тағамға дейін» (From Seeds to Foods) атты екінші жаһандық көрмесіне қатысуда. Еліміз көрмеде ауыл шаруашылығы, астық өндіру және оны терең өңдеу салаларындағы әлеуетін таныстырып, тұқымнан бастап дайын өнімге дейінгі өндіріс үдерісін көрсетеді. «Азық-түлік қауіпсіздігі мен…

  • Семейде көлік тізгіндеген әйел жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Семей қаласында көлікті алкогольдік масаң күйде басқару дерегінің жолы кесілді. Қала тұрғыны, 24 жастағы әйелдің CHEVROLET ONIX маркалы автокөлікті Шәкәрім даңғылы бойымен басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Сот шешімімен әйел 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты оған әкімшілік…

  • Бейнеу ауданында көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 9 қазанда Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Бейнеу ауылының Д. Тәжіев көшесінде көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру барысында Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Құжаттарды тексеру кезінде шетел азаматының Қазақстан Республикасына 2023 жылғы 18 қазанда келгені және ел аумағында болу мерзімін бұзғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 6-бөлігіне сәйкес…

  • Күздің алтын жапырақтары

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Шебер қолдар» үйірмесі аясында экологиялық тәрбие беруге арналған «Күздің алтын жапырақтары» атты ойын-сайыс өткізді. Кітапхана қызметкері шараны күз мезгілінің ерекшеліктері туралы танымдық әңгімеден бастап, қатысушыларды табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстырды. Көкөністер, жемістер мен жидектердің пісуіне, ауа температурасының төмендеуіне, жапырақтар түсінің өзгеруіне, сондай-ақ жыл құстарының не себептен жылы…

  • Абай облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 24 мыңға жуық дерегінің жолы кесілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жолдағы бір сәттік қателік – орны толмас өкінішке айналуы мүмкін. Жыл басынан бері Абай облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңдаған дерегі тіркелді. Олардың қатарында адам өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін құқық бұзушылықтар бар. Атап айтқанда:21 740 жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өткен;2 052 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген;201 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Бұл сандардың…

  • Маңғыстауда ЮНЕСКО шешімін іске асыру бойынша өңірлік жұмыс кездесуі өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 9 қазанда Ақтау қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48 COM 8B.20 шешімін іске асыру жөніндегі өңірлік жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Маңғыстаудың жартасты мешіттері мен олармен сабақтас киелі нысандарды сақтау, қорғау және басқару бағытындағы жұмыстарды талқылау, сондай-ақ тиісті іс-шараларды іске асыру мерзімдері мен алдағы міндеттерді айқындау. Атап айтқанда, Бекет ата, Шопан…

  • Кітап – адамзат қазынасы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «100 кітап» жобасы аясында «Кітап – адамзат қазынасы» атты кітапханалық квест өткізді.   Іс-шараның басында кітапхана қызметкері отандық және әлемдік әдебиетті насихаттауға, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген  қызығушылығын арттыруға бағытталған «100 кітап» ұлттық жобасының тарихы және оның оқу мәдениетін дамытудағы маңызы туралы ақпарат берді. Әрі қарай…

  • Семейде аспалы көпір үстінде телефон қолданған жүргізуші полиция назарынан тыс қалмады.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Әлеуметтік желідегі қаралым қауіпсіздіктен маңызды емес.Семей қаласында полицейлер аспалы көпір үстінде Changan маркалы автокөлікті басқару кезінде мобильді телефон пайдаланған 21 жастағы жүргізушінің әрекетін анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзу сәті түсірілген бейнежазбаны жүргізушінің өзі әлеуметтік желіге жариялаған. Аталған дерек полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Көлік құралын басқару кезінде рөлде телефонды пайдалану жүргізушінің назарын жолдан бөледі және…

  • БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МІНДЕТ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Отырар ауданында «Бала қауіпсіздігі және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиыны өтті. Аудандық мәдениет сарайында ұйымдастырылған жиынға білім беру саласының өкілдері, ата-аналар, мектеп педагогтері, медицина және отбасыны қолдау саласының мамандары қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы, мектеп және қоғамның өзара байланысын нығайту, балаларға психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ суицидтік…

  • «Кітап оқитын»: Астанадағы мектепте педагогтерге арналған «Ұстаздар ұясы» кабинеті ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астана қаласындағы №29 орта мектепте «Кітап оқитын» ұлт жобасы аясында педагогтерге арналған «Ұстаздар ұясы» кабинеті ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жаңа кеңістік ұстаздардың рухани демалып, кітап оқып, ақын-жазушылардың шығармаларын талқылауына арналған. Мұнда педагогтер күнделікті қарбаластан бір сәт тынығып, ұлттық құндылықтармен сусындай алады. Мектеп директоры Айжан Маметханқызының айтуынша, цифрлық білім беру дәуірінде ұлттық руханият…

  • Мұнайлы ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Мұнайлы ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Іс-шара аясында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қорғау нұсқамасы шығарылған, сондай-ақ мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген профилактикалық есепте тұрған азаматтардың…

  • Ерейментау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    08 қазанда Ерейментау ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова  салық салудың өзекті мәселелері мен салық заңнамасын қолдану жөнінде салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік…

  • Омбудсмен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ конференциясында Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі ережелерін таныстырды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференциясы аясында халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығына арналған арнайы іс-шара барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жаңа Конституцияның негізгі ережелерін және олардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын таныстырды. Өз сөзінде Омбудсмен жаңа Конституцияны әзірлеуге әртүрлі әлеуметтік топтардың, өңірлердің және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері қатысқанын атап өтті.…

  • Абай облысында тіркелген қылмыстар саны 17,5%-ға азайды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Абай облысы Полиция департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары шығарылды. Департамент бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияровтың төрағалығымен өткен жиынға аппарат басқармалары мен аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысты. Жыл басынан бері өңірде 2 417 қылмыс тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2 930 болған. Қылмыс саны 17,5%-ға төмендеп, қылмыстарды ашу көрсеткіші 49,1%-дан 57,6%-ға дейін өсті.…

Exit mobile version