Күн: Қазан 17, 2026

  • Астанада ауқымды экологиялық акцияға 50 мыңға жуық адам қатысты

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясындағы ауқымды жалпы қалалық экологиялық акция өтіп жатыр. Қала бойынша өткен іс-шараларға 50 мыңға жуық адам, сондай-ақ 3 800-ге жуық кәсіпорын, ұйым және мекеме қатысты. Бұл жұмысқа шамамен 1 мың ПИК пен МИБ те қосылды. Тазалық және абаттандыру жұмысына 607 арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жұмыс…

  • Еңбек күні қарсаңында қазақстандықтар жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын білдірді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Еңбек күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізді. Зерттеу барысында қазақстандықтардың жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасы және қоғамдағы еңбек адамдарының орны туралы пікірі зерделенді. Сауалнамаға 1 305 адам қатысты. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қоғамда еңбек адамына деген құрмет жоғары деңгейде. Сауалнамаға қатысушылардың 76,2%-ы еңбек адамына құрмет көрсетуді маңызды…

  • ҚЫЗЫЛҚҰМДА ҚЫРУАР ЖҰМЫС БАР

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    ҚЫЗЫЛҚҰМДА ҚЫРУАР ЖҰМЫС БАР   Билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайтып, халықтың талап-тілегіне құлақ асу – уақыт талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен кезекті кездесуі Қызылқұм ауылдық округінде өтті.   Ашық аспан астында ұйымдастырылған жиынға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен…

  • Алматыда вакцинациямен қамту және скринингтік тексерулердің орындалуы талқыланды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы Марат Пашимовтың қаладағы медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында медициналық ұйымдар жұмысының өзекті көрсеткіштері және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру мәселелері қаралды. Қатысушылар 2026 жылдың 9 айындағы халықты вакцинациямен қамту көрсеткіштерін, сондай-ақ 8 айдағы скринингтік зерттеулердің орындалу барысын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың…

  • Астанада жаңадан абаттандырылған саябаққа 250 ағаш отырғызылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астананың «Сарайшық» ауданында экологиялық айлық аясында 230 адам ағаш отырғызу акциясын өткізді. Бөлекпаев көшесі, 9/1 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған аллеяға 250 көшет отырғызылып, қоғамдық кеңістіктің жасыл желегін толықтыру жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сарайшық ауданы абаттандыру бөлімінің бас маманы Бекзат Асанның айтуынша, биыл аталған аумақта абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп, тұрғындарға арналған қоғамдық кеңістік…

  • Астанада студенттер ағаш отырғызу іс-шарасына атсалысты

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Елорданың Байқоңыр ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақбұлақ өзенінің жағалауында 100-ден астам студент 130 түп жасыл желек отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оның ішінде 70-тен астамы – ірі көлемді ағаш, ал 50-ге жуығы – бұта. Жас көшеттер жағалау аумағын көгалдандырып, қоғамдық кеңістіктің көркін арттыруға және экологиялық ортаны жақсартуға үлес қосады. Игі бастамаға…

  • ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні жергілікті уақыт 12:00 де, Шалқар аудандық мәслихатының заңдылық,құқықтық тәртібі және әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссия отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:          1) Шалқар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары туралы. Баяндамашы: Үмбетов Жанболат Толыбайұлы –…

  • ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Риддер қаласы прокуратурасының денсаулық сақтау саласында жүргізген талдауы барысында азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқықтарының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Риддер қалалық ауруханасының 2 326 пациенті қажетті тегін дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз етілмеген. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар толық жойылып, барлық азаматтар қажетті дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етілді. Мұндай фактілердің…

  • Қазақстан мен Қытай энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыруда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Осыдан аз ғана уақыт бұрын Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастық ең алдымен мұнай мен газ салаларымен байланысты болатын. Қазір ынтымақтастықтың күн тәртібі айтарлықтай кеңейді. Оның аясында жел және күн электр станциялары, энергия жинақтау жүйелері, гидроаккумуляциялық станциялар, сутегі технологиялары және энергетика бірыңғай өндірістік тізбектің бір бөлігіне айналатын өнеркәсіптік кешендер пайда болды. Ынтымақтастықтың рөлі де өзгеруде:…

  • Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса…

  • 26 қыркүйек 2026 жылы Қызылтал ауылдық округінде өткізілген сенбілік жұмыстары.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қызылтал ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды 2026 жылғы 26 қыркүйекте Қызылтал ауылдық округіне қарасты А.Назарбеков және Көкжелек ауылдарында елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді. Іс-шара «Мойынқұм ауданы елді мекендерін көктемгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы» №248 қаулысының талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған жұмыстарға ауыл тұрғындары,…

  • Ақтөбе облысында төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндігі артып келеді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын дамытуға ерекше назар аударылуда. Ауылдық жерлердегі ерікті өрт сөндіру бекеттерінің жұмысы жетілдіріліп, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және қажетті құралдармен қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыстар атқарылуда. Ерікті өрт сөндіру бекеттері төтенше жағдайларға жедел ден қоюда маңызды рөл атқарып, өртті бастапқы кезеңде оқшаулауға мүмкіндік береді. Аталған бағыттағы жұмыстар күнделікті негізде жалғасуда.   Ақпарат…

  • Жыл басынан бері Петропавлда саяжай ұрлығына қатысы бар жеті күдікті ұсталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Полицейлер соңғы уақытта саяжай учаскелерінде ұзақ уақыт болатын саяжай иелерінің саны азайып келе жатқанын атап өтті. Бұл ұрлық тәуекелін арттырады. Жыл басынан бері Петропавлдың саяжай қоғамдарында 15 ұрлық тіркеліп, оның 14-і ашылды. Негізінен ұрлықтар бірнеше рет жасалған қылмыстар сипатында болған. Оларға қатысы бар деген күдікпен жеті қала тұрғыны ұсталды. Саяжай иелерінің мүлкін қорғау және қоғамдық…

  • LED шамдары мен өзгертілген шығару жүйесі: Өскеменде заңсыз қайта жабдықталған көлік анықталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    LED шамдары мен өзгертілген шығару жүйесі: Өскеменде заңсыз қайта жабдықталған көлік анықталды Өскемен қаласында полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз конструкциясына өзгеріс енгізілген LADA автокөлігін анықтады. Тексеру барысында көлікке LED үлгісіндегі жарық шамдары орнатылып, шығару жүйесінің де конструкциясы өзгертілгені анықталды. Мұндай өзгерістер көлік құралы шығаратын дыбыс деңгейінің артуына және қала тұрғындары мен жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық туғызуы…

  • БҚО-да Жайық-Көшім және Жәнібек суландыру және жайылымдарды сумен қамтамасыз ету жүйелерінің тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі су шаруашылығы нысандарының жұмысымен және ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Ақжайық ауданында министр Киров су қоймасының жұмысын көрді. Еске салайық, биыл маусым айында Тоған ауылында орналасқан гидротехникалық құрылыстарды ауқымды реконструкциялау жұмыстары аяқталып, 63 млн текше метрге дейін су жинай…

Exit mobile version