«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Ақтау қаласында санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда.
Кезекті тазалық жұмыстары кәріздік тазарту құрылыстары станциясы (КОС-1) маңында жүргізілді. Нәтижесінде аумақтан 30 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Қала аумағын санитарлық тазалау және шаһар келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1310438?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау