АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту, сайлау инфрақұрылымына қатысты: комиссиялардың құрамы, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау және сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабардар ету; округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту, сайлауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі қаралды. Отырысқа аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері және аудандық “Достық” газетінің тілшісі А. Бөлдекбаева қатысты.
Отырыс аясында сайлау науқанына дайындық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, негізгі іс-шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру және сайлау процесінің заңнама талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті міндеттер айқындалып, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan/press/news/details/1310437?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version