Ата-аналар полицейлерге алғыс жолдауда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Н. Ахмуратов білім беру ұйымында оқушылармен кездесу өткізіп, бірқатар өзекті мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында суицидтің, сталкингтің, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың, интернет-алаяқтық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, есірткінің зияны және құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажеттігі түсіндірілді.

Профилактикалық кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Оқушылар полиция инспекторларынан көптеген заң талаптарын үйреніп, пайдалы ақпарат алғандарын айтып, алғыстарын білдіруде. Ата-аналар да балалардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәрбиесіне бағытталған түсіндіру жұмыстары үшін полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізіп жатыр.

Мұндай кездесулер жасөспірімдердің заңға құрметпен қарауына, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Маңғыстау ауданы полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру бағыты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1310749?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version