Қабырғаларда бояумен жазылған күмәнді жазуларды өшіріп жүрген полиция қызметкерлерін көрсеңіз, олардың есірткі жарнамасын жоюға бағытталған жұмыс жүргізіп жатқанын біліңіз.
Мұндай жазулар жай ғана граффити емес. Олардың артында есірткі заттарын заңсыз сататын интернет-ресурстарға апаратын сілтемелер болуы мүмкін. Мұндай жарнамалар қоғамдық орындарда орналасып, балалар мен жасөспірімдерді қоса алғанда, тұрғындардың назарына түседі.
Маңғыстау облысында есірткіге қатысты граффитилерді анықтау және жою бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алуға, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.
Аталған жұмысқа полиция қызметкерлерімен қатар қоғам өкілдері, жастар, волонтерлер мен белсенді азаматтардың қатысуы маңызды. Өйткені есірткіге қарсы күрес – баршаға ортақ міндет.
Маңғыстау облысының полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға және есірткі сататын интернет-ресурстарға сілтемесі бар күмәнді жазуларды байқаған жағдайда полицияға хабарлауға шақырады.
Күдікті жазудың орналасқан жерін көрсетіп, 102 нөміріне хабарласуға болады.
Есірткісіз қоғам – қауіпсіз болашақтың кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1310748?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау