Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге үндеу жасайды.
Жүргізушілер мектептер мен балабақшалар маңында жылдамдықты төмендетіп, жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауы қажет. Әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болып, балалардың жолға кенеттен шығып қалуы мүмкін екенін ескерген жөн.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті. Бір сәттік асығыстық пен немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Жаңаөзен қаласының полициясы барлық жүргізушілерді жолда жауапкершілік танытып, балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1311781?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау