Жаңаөзен қаласындағы А.С. Темиралиев атындағы №5 мектеп-гимназиясының 7-сыныбында білім алатын «Жас сақшы» сыныбының оқушылары Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасына арнайы барып, құқық қорғау органдарының жұмысымен танысты.
Танымдық кездесу барысында оқушыларға полиция қызметінің негізгі бағыттары, құқық қорғау органдарының міндеттері және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәртіп сақшыларының рөлі туралы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар жас сақшылар полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, отансүйгіштік қасиеттерін нығайту және болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын терең түсінуге ықпал етеді. Сондай-ақ оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғындырады.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1311782?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау