Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары мопед жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік құралын басқару кезінде мұқият болу және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындау қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ жүргізушілерге жылдамдықты белгіленген шектен асырмау, қорғаныш дулығасын пайдалану, жол белгілеріне бағыну және өзге жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу жөнінде ескертулер берілді.
Полиция қызметкерлері жолдағы әрбір қатысушының жауапкершілігі қауіпсіздікке тікелей әсер ететінін атап өтіп, жүргізушілерді тәртіп сақтауға және жол мәдениетін қалыптастыруға шақырды.
Мақсат – жолдағы тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1314516?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау