Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкері Қарақия кәсіптік колледжінің студенттерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу мақсатында кездесу өткізді.
Іс-шараға Қарақия ауданы мешітінің наиб имамы қатысып, студенттерге діннің адамгершілік құндылықтары, діни сауаттылықтың маңызы және күмәнді діни ақпараттарға сыни көзқараспен қарау қажеттігі жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар жастарға интернет желілерінде таралатын күмәнді діни материалдардан сақ болу, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу.
Қарақия ауданының полиция бөлімі ескертеді: діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алыңыз. Күмәнді материалдарға сын көзбен қарап, заңға қайшы әрекеттерге жол бермеңіз.
Сақтық – қауіпсіздіктің негізі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1314517?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау