25 қазан – Республика күні қарсаңында Бейнеу ауданындағы Б. Қалиев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары ішкі істер органдарына арнайы экскурсиямен барды.
Іс-шара барысында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ғабидолла Қайырбекұлы Құсаинов оқушылармен кездесіп, мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар оқушылар кезекші бөлімнің, Жедел басқару орталығының және қызметтік автокөліктердің жұмысымен жақынырақ танысты.
Кездесу барысында Ғабидолла Қайырбекұлы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы тағылымды әңгіме айтып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, заңды құрметтеу және тәртіпті сақтау жөнінде өз ойымен бөлісті.
Экскурсия барысында оқушылар полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, құқық қорғау саласының қыр-сырын білді.
Мұндай танымдық кездесулер жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіптің маңызын түсінуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1315483?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау