Маңғыстау облысы Полиция департаментінің 14 қызметкері ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) басқару бойынша арнайы оқу курсынан өтті.
Оқыту 9–16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің ішкі істер органдарын цифрландыру және заманауи технологияларды тиімді қолдану жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.
Курс барысында полиция қызметкерлері дрондарды басқару дағдыларын меңгеріп, оларды қауіпсіз пайдалану және қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану тәсілдерін үйренді.
Бұл бастама полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық қорғау органдарының қызметіне цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге бағытталған.
Оқу курсын сәтті аяқтаған 14 полиция қызметкеріне тиісті сертификаттар табысталды.
Полиция қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және қызметтік жұмысқа заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Дереккөз: Polisia.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1315482?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау