Республика күніне орай Жезқазғанда креативті индустрия өкілдерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің көрме залында креативті индустрия өкілдерінің көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – шығармашыл жандардың еңбегін насихаттау, отандық өнімдерді қолдау, қолөнер шеберлері мен креативті индустрия өкілдерінің әлеуетін таныту.

Көрме-жәрмеңкеде қатысушылар өздерінің бірегей туындыларын, қолөнер бұйымдарын және шығармашылық өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл – тәжірибе алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және шығармашылық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Креативті индустрия – тың идеялар мен шығармашылық мүмкіндіктердің бастауы!

Көрме-жәрмеңке 21–23 қазан аралығында жалғасады.

Өтетін орны: Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің көрме залы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бақжолы, 26.

Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және толағай табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-cultura-arhiv/press/news/details/1315751?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version