Жабайы жануарлар дериваттарын заңсыз әкетудің жолын кесу туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекарада құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана киік мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін.

Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1315752?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version