Мұнайлы ауданында «құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы күшейтілген режимде өтуде

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шара барысында Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің бастығының қатысуымен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысын бақылауды күшейтіп, автокөлік жүргізушілерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимінен аспау, көлік құралын масаң күйде басқармау және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері жолдағы тәртіптің сақталуы әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін еске салып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1316810?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version