Түпқараған ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция капитаны А. Акмуратов профилактикалық есепте тұрған азаматтармен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында азаматтарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу және қоғамда белгіленген тәртіп нормаларын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Мұндай профилактикалық кездесулердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1316812?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау