Маңғыстау ауданында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары арасында ашық сабақ өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылындағы А. Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбының оқушыларының қатысуымен «Республика және Конституция – жауапты азамат, қуатты мемлекет» тақырыбында ашық сабақ пен пікірсайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына деген құрметті арттыру, құқықтық сауаттылығын дамыту және азаматтық жауапкершілігін нығайту.

Ашық сабақ барысында оқушылар Республика мен Конституцияның мемлекет өміріндегі маңызы туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салды. Пікірсайыс кезінде жауапты азаматтың қоғамдағы рөлі, заңға құрметпен қарау, азаматтық міндеттерді орындау және елдің дамуына үлес қосу мәселелері талқыланды.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, патриоттық көзқарастары мен азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Олар Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, заң талаптарын сақтау және ел болашағына жауапкершілікпен қарау туралы пікір алмасты.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және заңға құрметпен қарайтын, ел тағдырына бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1318384?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version