«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түпқараған ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметінің полиция аға лейтенанты Б. Демегенов шетел азаматтарымен профилактикалық сұхбат жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі мен көші-қон заңнамасының талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар шетел азаматтарына құжаттарды уақытылы рәсімдеу, тіркеу тәртібін сақтау және заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша ескерту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң ұстану және Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзуға жол бермеу қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1318383?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау