2023-2025 жылдары Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында елеулі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер қызмет көрсету сапасын арттыруға, алушылардың құқықтарын нығайтуға және жүйені қоғамның қазіргі қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер өмірлік қиын жағдайға тап болған және күтім мен қолдауды қажет ететін азаматтарға көрсетіледі.
Мұндай санаттарға үш жастан он сегіз жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар, тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар жатады.
Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
Әрбір қызмет алушыға жеке көзқарасты күшейту, құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құру, тұрмыста, еңбекпен қамтуда және бос уақытында мүгедектігі бар адамдардың барынша дербестігін қолдау негізгі жаңашылдықтар болып табылады.
Жаңартылған қағидаларға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінеді. Кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін өтінішті заңды өкілі береді.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары арнаулы әлеуметтік қызметтерді бірінші кезекте алуға құқылы.
Бір балаға кемінде 4 м² және ересек адамға кемінде 5 м² тұрғын үй алаңын, киім, аяқ киім, төсек-орын және жеке гигиена заттарын, техникалық көмекші құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын беру қамтамасыз етіледі.
Стационарлық үлгідегі ұйымдардың басшылары мен уәкілетті органдар отбасыларына оралған немесе үйде қызмет көрсетуге ауыстырылған қызмет алушылар санының артуын, алушылардың тұрмыстық және еңбек қызметіне тартылуының өсуін бағалай отырып, мамандардың жұмысына мониторинг жүргізеді.
Әрбір стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, оны басшы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
Енгізілген өзгерістер стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Олар жеке көзқарастың, алушылардың құқықтарын құрметтеудің және олардың қоғамға интеграциялануына ықпал ететін жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/990606?lang=kk
Жауап қалдыру