«Жеке сот орындаушылары институтын дамытудың мәселелері мен перспективалары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2025 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен Үкіметтік сағат аясында Әділет министрі «Жеке сот орындаушылары институтын дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде Министр жеке сот орындаушыларының институты енгізілген сәттен бастап елдегі мәжбүрлеп орындату тиімділігі айтарлықтай артқанын атап өтті. Сонымен, 2010 жылы бір мемлекеттік сот орындаушысы жылына орта есеппен 270 атқарушылық құжатты орындаса, 2024 жылы бір жеке сот орындаушы толық көлемде 1 229 құжатты орындаған. Бұл нәтижеге атқарушылық өндіріс бойынша мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу және саланың цифрландырылуының шегінде қол жеткізілді.

Сонымен бірге, атқарушылық құжаттардың көбеюі, атқарушылық жазбаларды шығару кезіндегі теріс пайдаланушылықтар, сондай-ақ азаматтардан түсетін өтініштер мен шағымдардың артуы секілді мәселелер атап өтілді. Осыған байланысты Әділет министрлігі келесі шараларды жүзеге асыруда:

– атқарушылық іс жүргізу барысы туралы ақпаратқа қол жеткізуді және сот орындаушылар тарапынан жіберілген бұзушылықтарды тіркеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Цифрлық көмекші» механизмін енгізу;

– 2024 жылғы тамыз айының соңынан бастап 176 мыңнан астам құжатты орындауға және шамамен 3,6 млрд теңгені өндіріп алуға мүмкіндік берген жеңілдетілген іс жүргізу институтын кеңейту, азаматтарүшін жеке сот орындаушылар қызметіне25% пайыз мөлшерінде төленетін ақыны шартты түрде үнемдеу сомасы 900млн. теңгеденасты;

– борышкерлердің, оның ішінде жасырын табыс көздері туралы мәліметтер алу үшін ақпараттық жүйелерді біріктіру;

– жеке кәсіпкерлерден алимент өндіру тәртібін қоса алғанда, алименттерге қатысты заңнамалық түзетулер дайындау;

– негізсіз пайда табуды және манипуляцияларды болдырмау мақсатында арест салынған мүлікті электронды аукцион арқылы өткізу рәсімдерін жетілдіру;

– заңсыз құрылыстарды бұзу және демонтаждау мәселелерін заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

– сот орындаушыларының қызметін бақылау бойынша тиімділікті арттыру.

Министр жеке сот орындаушылары институтының дамуы цифрландыру, ашықтық және әділеттілікке қолжетімділікті арттыру талаптарына сәйкес жалғасын табатынын атап өтіп,баяндаманың соңында мәжбүрлеп орындату жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамаларды қолдағаны үшін депутаттарға алғысын білдірді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kpi/press/news/details/981021?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді