Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Келешек мектептері
«Келешек мектептері» жобасы аясында еңсе көтерген №84 мектеп №8 мектептің орын тығыздығы мәселесін шешу үшін ашылды. Ақтөбе қаласындағы «Келешек» тұрғын алабында орналасқан білім ордасы жан-жаққа қатынап оқып жүрген көп баланың өз мектептерінде оқуына мүмкіндік берді.. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil-kaiyndy/press/news/details/1224527?lang=ru
-
Қызылордада есепте тұрған азаматтарға қатысты профилактикалық тексерулер жүргізілуде
Республика көлемінде 18-22 мамыр аралығында “Есепте тұрған” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара аясында Қызылорда облыстық полиция департаменті мен ҚАЖ департаменті бірлескен бұйрық қабылдады. Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған, есепте тұрған тұлғалар тарапынан болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау, олардың тұрғылықты жері бойынша, әкімшілік деректер…
-
Заңдар мен қызметтік мәліметтер ғана емес: СҚО полицейлері қандай кітаптар оқиды
Полицейлер не оқиды? Тек заңдар, жедел мәліметтер мен қызметтік құжаттарды ғана емес. Тәртіп сақшыларына ұсынылатын әдебиеттер ел тарихын, адам болмысын, ар-намыс, парыз бен әділдік ұғымдарының мәнін тереңірек түсінуге көмектеседі. Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті аппаратының және Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері майдангер, жазушы әрі драматург Кемел Тоқаевтың өмірі мен…
-
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР САМБОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ Ақтау қаласында 17-22 мамыр күндері аралығында самбо күресінен кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшы қыздары жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті. Жарыс қорытындысында Ханшайым Тұрдыбай мен Балнура Жұмабаева Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Айша Жүсіпәлі қола жүлдені қанағат тұтты. Аталған жарыс 22 мамырға дейін…
-
Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №55 және №60 нормативтік қаулыларының нормаларын азаматтарға түсіндірді
Аршалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №55 және №60 Нормативтік қаулыларының нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді. Өткізілген іс-шара барысында азаматтарға нормативтік қаулылардың негізгі ережелері, оларды қолдану тәртібі және қабылданатын шешімдердің құқықтық салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының конституциялық заңнаманы қолдану саласындағы барлық қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және халықтың құқықтық…
-
Қазақстан Испанияға ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруды көздеп отыр
Парижде өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) 93-Бас сессиясы аясында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Испанияның Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және азық-түлік министрі Луис Планасмен кездесті. Тараптар аграрлық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен стратегиялық перспективаларын, сондай-ақ өзара тауар айналымын кеңейту мәселелерін талқылады. «Біз қалыптасқан сындарлы диалогты жоғары бағалаймыз және Испаниямен аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан…
-
Бүгін, 2026 жылғы 19 мамырда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қостанай қаласының Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шарипова Сания және «Қостанай қаласы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Турлубекова Наталья қатысты. Күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың отырысында алдын ала қаралып, сессияға бекітуге енгізілген 2 мәселе бекітілді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес, жеке…
-
Шетелге шығатын азаматтарға Эбола қызбасының алдын алу туралы
Эбола қызбасы — негізінен Африка елдерінде тіркелетін, ағымы ауыр аса қауіпті вирустық ауру. Инфекция көзі – жұқтырған жануарлар мен науқас адам. Жұқтыру қанмен, биологиялық сұйықтықтармен және ластанған заттармен байланыс кезінде болады. Инкубациялық кезеңі 2-21 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері: жоғары дене қызуы, әлсіздік, бас және бұлшықет ауруы, құсу, диарея, бөртпе және қан кету. ДДҰ Конго…
-
Алматыда 30 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Әуезов ауданында 1991 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 300 метр болатын жылу трассасын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады. Осыған байланысты Мамыр шағынауданындағы Рабиға Сыздық көшесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі: 2026 жылы 21 мамыр мен 31 шілде аралығында — Мамыр-2 шағынауданындағы №12 үйден…
-
Баннер іліңді
Рахат ауылдық округі аумағынан өтетін Үлкен Алматы каналы (ҮАК) бойына суға шомылуға тыйым салу белгісі қойылып, арнайы ескерту баннері ілінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1223925?lang=ru
-
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮШ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН БЕС АСЫҚ СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасы жарыстары аясында бес асық спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық деңгейдегі тартысты дода өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған Түлкібас ауданы білім бөлімінің А.Пушкин атындағы ақпараттық…
-
Балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жаңадан құрылған балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Бәкіров Ерлан Әмірханұлы таныстырылды.Облыс әкімі Мемлекет басшысының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын реформалау туралы тапсырмасын орындау мақсатында балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылғанын атап өтті. Жаңа салаға, оның басшысына бірқатар маңызды міндет жүктеді.«Балалардың мүдделерін қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты…
-
Отбасы құндылықтарын ұлықтаған фестиваль
Екібастұздағы «Қайнар» білім беру-бос уақыт кешені алаңында «Бір шаңырақ астында» атты қалалық отбасылық фестивалі өтті. Іс-шара белсенді, шығармашыл әрі ұйымшыл отбасыларды бір алаңға жинады. Фестиваль аясындағы «Отбасылық Арбат» көрмесі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар қолдан жасалған бұйымдарын, ұлттық нақыштағы шығармашылық жұмыстарын және үй тағамдарын ұсынып, отбасылық мәдениет пен ұрпақ сабақтастығын насихаттады. Туристік жарыстар фестивальдің ең…
-
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер басшыларының бейресми Саммиті өтті
Түркістанда 15 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер басшыларының “Жасанды интеллект және цифрлық даму” атты бейресми Саммиті өтті. Жасанды интеллектіге, цифрландыруға, киберқауіпсіздікке, ғарыш және жерсеріктік технологияларды дамытуға, сондай-ақ экономикада, мемлекеттік басқаруда және гуманитарлық ынтымақтастықта заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект және цифрлық даму бойынша ТМҰ Саммиті түркі мемлекеттерінің ортақ технологиялық күн тәртібін…
-
Тұрғындармен кездесу өтеді
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес 2026 жылдың 21 мамыр Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл, Айшабибі ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізеді. Ш.Ниязбеков ауылы, Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектеп, сағат 10:00 Айшабибі ауылы, ауылдық мәдениет үйі, сағат 15:00 Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1223926?lang=kk
