Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Newsletter Kazakhstan – 11.06.2026
Newsletter Kazakhstan – 11.06.2026 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1239501?lang=ru
-
Белградта Қазақстан – Сербия экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
Белград, 2026 жылғы 11 маусым – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Республикасының халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі министрі (портфельсіз министр) Ненад Поповичпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Сербия Президенті А.Вучичтің Астанаға жасаған ресми сапарының (2026 жылғы 26–27 ақпан) қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Елші М.Атамқұлов сұхбаттасын осы бағыттағы жұмыстардың…
-
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл облысындағы 400 шақырым суару каналын реконструкциялауды бастады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ирригация каналдарын салу және реконструкциялау жобаларының барысымен танысты. Жамбыл ауданында министр ұзындығы 9,2 шақырым болатын «Исмаил» каналындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын көрді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыстар биыл қаңтар айында басталған. Қазіргі таңда…
-
Қоқысқа толған жер телімдерінің иелерін экологтар, жер ресурстары саласының мамандары және құқық қорғау органдары тексереді
Іле ауданы аумағында «ECOBUS QK» ЖШС, «Gold Terra Expedition» ЖШС, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалардың меншігіндегі бірқатар жер телімдерінде ұзақ уақыт бойы құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тастау фактілері тіркеліп келеді. Аталған мәселеге байланысты жақын маңдағы елді мекен тұрғындары жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет жүгінген. Тұрғындар аумақтың санитарлық жағдайына және стихиялық қоқыс орындарының қоршаған ортаға кері…
-
Business.enbek.kz порталында 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттардың бірінші легіне өтінім қабылдау басталады
Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі. Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың…
-
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының ең үздік оқушыларымен кездесті
Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ғылыми байқаулар мен робототехника саласындағы жарыстардың үздік қатысушылары Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесті. Оқушылар мен олардың ұстаздары өз жетістіктері мен болашаққа құрған жоспарларымен бөлісіп, өңірдің абыройын ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де асқақтатып жүрген еңбектері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Кездесуді ашқан өңір басшысы бүгінгі буынның ел ертеңін…
-
Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Ағымдағы жылдың 11 маусымында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімімен «Березка» сауда үйінде кәсіпкерлерге арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында қатысушыларға авторлық құқық, тауар белгілерін тіркеу, зияткерлік меншік объектілерін заңды қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ тауар белгілерін заңсыз пайдалану мәселелеріне және мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік…
-
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Железин ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 1 шілде сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды. Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту…
-
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Железин ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 2 шілде сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды. Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту…
-
Маңғыстауда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды
11 маусым күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның II тоқсан отырысы өтті. Жиында Маңғыстау облысының жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері және №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар қаралды. ҚР Мемлекеттік…
-
Маңғыстауда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды
Бүгін, 11 маусым күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Жиында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы мен «109» бірыңғай байланыс орталығының қызметі қаралды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевтың мәліметінше, 2025-2026 жылғы жылыту маусымы тұрақты өтіп, өңір тұрғындары мен әлеуметтік нысандар жылумен үздіксіз қамтамасыз етілген. Маусымға дайындық аясында жөндеу…
-
Алмалы ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді
Алмалы ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып, балаларын мейірім мен қамқорлыққа бөлеп өсіріп отырған аналардың еңбегі ерекше атап өтілді.Іс-шара барысында ауданның тоғыз тұрғынына жоғары мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл марапаттар олардың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегінің жоғары бағаланғанының айқын көрінісі болды.«Алтын алқа» наградасымен Ләззат Құлжанова…
-
ҚАУІПСІЗ ШОМЫЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
🔹 Жазғы шомылу маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ордабасы ауданындағы су айдындарында кешенді зерделеу жұмыстары жүргізілді.🔹Аталған жұмыстарға аудандық прокуратура, арнайы құрылған жұмысшы топ мүшелері және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы қатысты. Мамандар арнайы техникалар мен құралдардың көмегімен су айдындарының түбін тексеріп, шомылуға қауіп төндіруі…
-
ҚҰРАҚШЫ АНАЛАРЫ ТӨРТІНШІ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКОРДТЫҢ ОРТАСЫНАН ТАБЫЛДЫ
✔️Өскемен қаласында ұйымдастырылған «Аламан құрақ – 2026» халықаралық жобасында Ордабасы ауданының құрақшы аналары жоғары белсенділік танытып, тағы бір мәрте аудан абыройын асқақтатты. Жобаға қатысып келген шеберлерді аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қабылдап, ұлттық қолөнерді дамытуға қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдірді.✔️Ауқымды шараға Қазақстанның 17 облысынан және әлемнің 8 елінен келген 800-ге жуық қолөнер шебері қатысты.…
-
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
✔️Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау және қордаланған мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке қабылдады. ✔️Қабылдау барысында халық тарапынан ауыз су, тұрғын үй, жер учаскелері және Бозшымыр каналына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. ✔️ Кездесу кезінде мәселенің мән-жайы жан-жақты талқыланып, жауапты сала мамандарымен бірге жай-жапсары анықталды. Тұрғындарды алаңдатқан сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды шешу жолдары…
