Санат: Алматы
-
Бішкекте Қазақстан Елшісінің Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті
Қазақстан Республикасының Елшісі Абылқайыр Сқақов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа Сенім грамоталарын тапсырды. Грамоталарды тапсыру рәсімінен кейін өткен кездесуде Президент С. Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін жеткізіп, А. Сқақовты тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық миссиясында табыс тіледі. А. Сқақов дәстүрлі достық, тату көршілік және одақтастық байланыстарға негізделген қазақ-қырғыз қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, бұл…
-
Қазақстанда алғаш рет ауқымды әкімшілік рақымшылық жүргізілуде
Қазақстанда алғаш рет ауқымды әкімшілік рақымшылық жүзеге асырылуда. Бұл шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты қолға алынып, елде жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық жаңғырулардың бір бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес рақымшылықты іске асыру жөніндегі қажетті шаралар 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін…
-
Шарбақты ауданына МӘС бөлімінің көшпелі отырысы.
2026 жылғы 20 тамызда бекітілген кестеге сәйкес №1 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Шарбақты ауданына барды. Сондай-ақ, №1 медициналық–әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А .Ж. Мамырханова Шарбақты ауруханасының дәрігерлерімен құжаттармен жұмыс, МӘС-ке жіберу кезіндегі қателіктер, мүгедектікті мерзімсіз тағайындауды белгілеу қағидалары тақырыбында семинар–кеңес өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1280655?lang=ru
-
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 166-52-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы пресс релизі
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ертіс аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 166-52-8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: Қағидалардың 1-қосымшасының 2-тарауының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Ертіс ауданында тұрақты тіркелген және…
-
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ
Қуатбек Ғафан Жомартұлы – қызметке адалдығы мен қайсарлығы әріптестері жадында жатталған азамат. 1995 жылы Жамбыл ауданында дүниеге келген Ғафан 2016 жылы азаматтық қорғау органдарына қызметке келді. Өрт сөндіруші-құтқарушы, кейін жүргізуші-қызметкер болып, талай төтенше жағдайда ел қауіпсіздігіне қызмет етті. 2021 жылдың 26 тамызында Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс пен өрт кезінде қызметтік борышын атқарып, қаза…
-
Өнеркәсіптік қауіпсіздік: Мұнай базасында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Гелиос» ЖШС-нің Ақтау қаласындағы филиалында жоспарлы тексеру іс-шараларын жүзеге асырды. Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейі зерделеніп, №8 тік болат резервуарында орын алған шартты өртті жою бойынша оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Бірлік кентінде орналасқан мұнай базасының резервуарлық паркіндегі жаттығу аясында төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі толық…
-
Неліктен бірдей тәжірибесі бар екі адамның зейнетақысы әртүрлі болуы мүмкін?
Еңбек өтілі бірдей болғасын, зейнетақы да бірдей болуы керек сияқты. Бірақ олай емес. Өйткені зейнетақы төлемдерінің мөлшері тек еңбек өтілінің ұзақтығына байланысты емес. Есептеу кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтілі, ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін орташа айлықтабыс, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшері және заңнамада көзделген басқа да көрсеткіштер ескеріледі.…
-
«Жастар спортты таңдайды – салауатты әрі қауіпсіз қоғамның негізі»
Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қол күресінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спорттық сайыс жастардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтып, күш-жігерін спортқа…
-
Этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі
Этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі және оларды қабылдаушы өңірлерге қоныстандыру туралы Алматы облысында шетелден келген этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі және оларды қабылдаушы өңірлерге қоныстандыру мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Бахытұлының қатысуымен аудан-қалалық әкімдермен және уәкілетті органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында «қандас» мәртебесін беру рәсіміне енгізілген өзгерістер, этникалық қазақтарды қабылдау…
-
«Жазғы саябақтағы кітап әлемі» Тараз тұрғындарын кітапқа жақындастырды
21 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында кітапсүйер қауымға арналған «Жазғы саябақтағы кітап әлемі» атты кітапханалық шара өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған мәдени-танымдық басқосу қала тұрғындары мен саябаққа келушілерге кітап әлемінің сан қырын таныстырып, бос уақытты мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді. Шараның басты мақсаты – кітап оқуға…
-
Асқарбек Ертаев Қарағандыдағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Министр Қарағанды облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығына барып, мансап орталығының жұмысын және JOB COACH жобасының жүзеге асырылу барысын көрді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығының…
-
Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді. Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған. Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды. Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim.AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын…
-
«Кітап алаңы: оқы. Ойлан. Бөліс» ашық аспан астындағы кітап-мәдени демалыс алаңы ұйымдастырылды
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітапсүйер қауымға арналған ашық аспан астындағы кітап-мәдени демалыс алаңы ұйымдастырылды. Интерактивті алаңда оқырмандар назарына «Жамбыл Жабаевтың құнды жинақтары», «Жыр алыбы – Жамбыл: кітап әлеміне саяхат», «Жаңа форматтағы кітап: ЖИ мүмкіндіктері», «24 қаламгер – 24 әдеби әлем», 2026 жылы мерейтойлары аталып өтетін әдебиет пен өнер тұлғаларына арналған кітап экспозициялары ұсынылды.…
-
Өңірлердегі ауруханаларды реновациялау шеңберінде 26 жаңа бейінді бөлімше ашылды
2026 жылдың басынан бері стационарлар базасында 403 төсек-орынға арналған 26 жаңа бейінді бөлімше ашылды. Олар терапиялық бағыттағы ең сұранысқа ие: гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, эндокринология, нефрология, гематология және кардиология сияқты жеті бейін бойынша құрылды. Толығырақ ortcom.kz сайтында Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1280632?lang=ru
-
ХАБАРЛАНДЫРУ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-satpaev/press/news/details/1280633?lang=kk
