Санат: Алматы
-
Полицейлер есірткіге қарсы күрес бағытында 200-ге жуық тұрғын үйді аралады
Түркістан облысының полицейлері есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде. Осы бағытта Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары 200-ге жуық тұрғын үйді аралап, жеке тұрғын үйлер, саяжайлар мен жылыжайларда құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру деректерінің алдын алу мақсатында тексеру…
-
АЛМАТЫДА СКРИНИНГТЕРДІҢ АРҚАСЫНДА ОБЫРДЫҢ 215-ТЕН АСТАМ ЖАҒДАЙЫ ЕРТЕ САТЫДА АНЫҚТАЛДЫ
Жыл басынан бері Алматы қаласында 237 308 тұрғын онкологиялық скринингтен өтті. Тексерулер азаматтардың тіркелген жері бойынша емханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде, оның ішінде медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар үшін де жүргізіледі. Тексеру қорытындысы бойынша қатерлі ісіктің 225 жағдайы анықталды. Оның ішінде 215 жағдай аурудың ерте сатысында диагностикаланған. Бұл профилактикалық тексерулердің тиімділігін…
-
Бірлік пен келісім – біздің ортақ құндылығымыз!
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!Біздің өңіріміз – түрлі этнос өкілдері ғасырлар бойы тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан құтты мекен. Біздің ортақ мақсатымыз – осы тыныштық пен өзара сыйластықты сақтау.Қазіргі ақпараттық кеңістікте түрлі қауесеттер мен жалған ақпараттар тез тарайды. Сіздерді парасаттылық танытып, тұрмыстық немесе жеке түсініспеушіліктерді этносаралық мәселеге айналдыруға жол бермеуге шақырамыз. Арандатушылардың сөзіне ермеңіздер!Заң талаптарын қаперге…
-
Заңгер лауазымына орналасуға конкурс
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Заңгер лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік. «KazAID» КЕАҚ заңгер лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім дипломы болуы; Кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде талап-арыз жұмыстарын жүргізумен және мемлекеттік сатып алуларды құқықтық сүйемелдеумен байланысты практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті; Қазақстан Республикасының заңнамасын…
-
Алматы Eater басылымының «Where to Eat 2026» гастрономиялық бағыттар тізіміне енді
Қазақстанның ең ірі қаласы әрі бұрынғы астанасы Алматы Орталық Азиядағы басты гастрономиялық бағыттардың бірі ретінде танылды. Американың беделді Eater басылымы қаланы 2026 жылға арналған «Where to Eat» – тағамсүйер қауым міндетті түрде баруы тиіс бағыттар тізіміне енгізді. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Eater – мейрамханалар мен гастрономия туралы әлемдегі ең ықпалды басылымдардың…
-
🔹 КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылғы 13 шілдеде Департамент басшысы Аймағанбетов Жанабай Усембаевич, Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Ермұқанов Әсет Әбілахатұлы Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген Ақтау қаласының жасөспірімдермен кездесу өткізді. Іс-шара барысында кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек шартын жасасу және тоқтату тәртібі, жұмыс…
-
Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал ауданына жұмыс сапары барысында мотоцикл құрастыру зауытының жұмысымен танысты. «Тоғыс-Аралотын» ЖШС бұл жобаға 1 млрд теңге бағыттаған. Жылына 20 мың компонент шығаруды жоспарлауда. Зауытта өндірілген өнімнің 50 пайызы ішкі нарыққа шығарылады, қалған 50 пайызы шетелге экспортталады. Өндірістік жобалардың өңір экономикасын…
-
Сіздің дауысыңыз – еліміздің болашағына үлес қосатын маңызды таңдау.
23 тамыз күні өтетін дауыс беруге қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Егер дауыс беру құқығыңыз болса, белсенділік танытып, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз. Әр дауыс маңызды! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1257128?lang=ru
-
Жетісу облысының тағы тоғыз елді мекені табиғи газға қосылды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы тоғыз елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар: Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдары. Жоба аясында 1 390…
-
Жаркент мешітінде реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жетісу облысындағы Жаркент мешітінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бүгінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары шатыр жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Қазір мешіт мұнарасы, айваны, кіреберіс порталы мен қаптал қақпаларының беті көп жылдан бері жиналған кір-қоқыс пен түрлі ластанудан тазартылып жатыр. Алдағы кезеңде сыртқы 52 ағаш тіреу бағаны, қасбеттер, кірпіш сылақтары және бүгінге дейін сақталған сәндік өрнектер…
-
Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барды. Қосжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник бағалы балық қорын сақтап, табиғи популяциясын көбейтіп келеді. Мұнда тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандары өсіріледі. Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл сайын 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық…
-
Витаминдер және балалар денсаулығы
Жазғы кезеңде әдетте бала организмінің қарқынды өсуі байқалатындықтан, балалардың кейбір витаминдерге деген қажеттілігі артады. Сондай-ақ жазда бала организмі терлеу арқылы минералды заттарды жоғалтады, сондықтан жазғы уақытта организмді витаминдермен толық қамтамасыз ету қиынға соғады. Витаминдердің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы зат алмасудың бұзылуына, физикалық және ақыл-ой жұмыс қабілетінің төмендеуіне, организмнің тез шаршауына әкеп соғады, сонымен қатар балалардың…
-
МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ҚАРАЛДЫ
МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА АУДАННЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ МЕН БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ҚАРАЛДЫ Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымовтың төрағалығымен өткен аудандық мәслихаттың кезекті қырық бірінші сессиясына аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов арнайы қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғабит…
-
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу: қарапайым сақтық шаралары – денсаулық кепілі
Жаз мезгілінде жіті ішек инфекцияларының пайда болу қаупі артады. Ауа температурасының жоғары болуы тағам өнімдері мен суда ауру қоздырғыштарының жылдам көбеюіне қолайлы жағдай жасап, инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтеді. Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға жіті ішек инфекцияларының алдын алу үшін қарапайым профилактикалық шараларды қатаң сақтауға кеңес береді. Ол үшін: * тамақтанар алдында, дәретханадан кейін…
-
Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Арал қаласындағы жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.Аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, өндіріс орнының жұмысына сәттілік тіледі. «Баршаңызды жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауытының ресми ашылуымен құттықтаймын! Сондай-ақ маңызды жобаны Арал ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды…
