Санат: Алматы
-
ШҚО командасы ҚР халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтарында 1 орынға ие болды
28-30 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы халқының Президенттік дене шынықтыру даярлығы сынақтары өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың командалары қатысты. Шығыс Қазақстан облысының құрамасы ерлер және әйелдер арасында 11 жас санаты бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, 9–10, 11–13, 14–15, 16–17, 18–23, 24–31, 32–39, 40–49, 50–59, 60–69 жас және 70…
-
ХАБАРЛАМА
Құрметті әріптестер! «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Шу ауданы әкімдігі аппараты, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінде…
-
Биыл мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңге бағытталды
Астанада Мал шаруашылығы және Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Үкімет мүшелері, ғылыми қауымдастық өкілдері, фермерлер, аграрлық кәсіпорындардың басшылары және еліміздің барлық өңірінен келген сала ардагерлері қатысты. Жиналғандар алдында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөз алып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің ыстық лебізін жеткізді. «Ауыл шаруашылығы саласының дасым…
-
Алматы облысында «HI-TECH» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
2026 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында Алматы облысының аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «HI-TECH» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – киберқылмыстардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың жолын кесу, азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Полиция қызметкерлері тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтаудың…
-
Нұрдәулет Қилыбай YDA Group басшылығымен Маңғыстауда кеме жасау зауытын салу жобасын талқылады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түркияның жетекші инвестициялық-инфрақұрылымдық компанияларының бірі – YDA Group of Companies директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан бастаған делегациямен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанда заманауи кеме жасау зауытын салу жобасын жүзеге асыру, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Маңғыстау облысының Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызды торабы ретіндегі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту болды. Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай…
-
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратура түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті Биыл «Сот және сот төрелігі» мамандандырылған білім беру бағдарламасы бойынша 88 магистрант оқуын сәтті аяқтады. Салтанатты іс-шараға Кеңес мүшелері, Кеңес Аппаратының қызметкерлері, Сот төрелігі академиясының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлері қатысты. Түлектерге құттықтау сөз сөйлеген…
-
Маңғыстау облысының бала құқықтарын қорғау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен облыстық бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Несібелі Қуатова тағайындалды. Несібелі Қуатова 1979 жылы 1 шілдеде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Таушық ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Кәсіптік оқыту педагогы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024 жылы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік…
-
Мал шаруашылығы және ветеринария саласының үздік өкілдері марапатталды
Астанада мал шаруашылығы және ветеринария саласының үздік өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Отандық мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамытуға, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері, агроқұрылымдардың қызметкерлері және агроөнеркәсіп кешенінің ардагерлері ведомстволық марапаттармен және «Құрмет» грамоталарымен марапатталды. Отандық мал шаруашылығын дамытуға сіңірген еңбегі мен көпжылдық адал қызметі үшін саланың 17 өкілі…
-
Республикалық «Айқын» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанованың «Судья тәуелсіздігі – әділ соттың басты кепілі» атты мақаласы жарияланды
Республикалық «Айқын» газетінде Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанованың «Судья тәуелсіздігі – әділ соттың басты кепілі» атты мақаласы жарияланды. Мақалада судья тәуелсіздігі құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі әрі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды кепілі ретінде кеңінен қарастырылады. Автордың атап өтуінше, Қазақстанның сот жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан реформалар Мемлекет басшысы айқындаған «Заң…
-
Абай облысында жыл басынан бері “Таза Қазақстан” акциясы аясында 7300-ден аса құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы шеңберінде қоғамдық тәртіпті нығайту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендердің санитарлық ахуалын жақсарту бағытында кешенді әрі ауқымды жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.2026 жылдың басынан бері өңір аумағында жалпы саны 7368 құқық бұзушылық дерегінің жолы кесілді. Оның ішінде:ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша – 601 дерек; елді мекендерді…
-
Абай облысында демалыс күндері үш мас жүргізуші ұсталды: жолдағы жауапсыздыққа тосқауыл қойылды
Демалыс күндері көпшілік үшін тынығу мен жақындарымен уақыт өткізудің мүмкіндігі болса, полиция қызметкерлері үшін бұл – жол қауіпсіздігін күшейтетін жауапты кезең. Себебі дәл осындай күндері көлік қозғалысы артып, жол-көлік оқиғаларының қаупі де жоғарылайды. Абай облысында өткен демалыс күндері патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет атқарып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті бақылауға алды. Нәтижесінде үш мас жүргізушінің…
-
Абай облысында гендерлік саясатты дамыту мәселелері талқыланды
Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Рахановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. – Бүгінгі комиссия отырысында әйелдердің ғылыми-инженерлік саладағы рөлімен қатар, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесін де талқылаймыз, – деді Мейірлан Раханов. Жиында академиялық қауымдастық өкілдері мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары баяндама жасады. Shakarim University ғылым…
-
Семейде полицейлердің қатысуымен алкоголь өнімдерін заң талаптарына сай өткізу мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кеңес өтті
Абай облысы Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және алкоголь өнімдерінің заң талаптарына сәйкес өткізілуін бақылау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Аталған бағыттағы профилактикалық іс-шаралар аясында Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асетт Асқаровтың қатысуымен Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерімен бірлескен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Кеңеске алкоголь өнімдерін…
-
“Инспектордың бір ғана талабы VIP-ді де тоқтатты”: Семейде қымбат көліктердің заңсыз қараңғылатқышы (тонировкасы) алынып жатыр.
Семей қаласында полиция қызметкерлері көлік әйнектерінің жарық өткізу талаптарының сақталуын тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Бақылауға көліктің құнына, маркасына немесе иесінің мәртебесіне қарамастан барлық автокөліктер алынады. 29 маусым күні профилактикалық іс-шаралар барысында Семей қаласының полиция қызметкерлері әйнектері жарық өткізу талаптарына сәйкес келмейтін төрт автокөлікті анықтады. Барлық жағдайда заң бұзушылық сол жерде жойылды.Полиция қызметкерлері ескертеді: шолу…
-
«Байланыс болмады, бірақ көмек дер кезінде келді»: Қазақстандық тұрғын Абай облысы полиция қызметкерлеріне тас жолда көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді
Кейде полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі тек қылмысты ашу немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен ғана емес, қиын жағдайға тап болған адамдарға қарапайым адами көмек көрсетуімен де көрінеді. Қазақстан тұрғыны Абай облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері полиция капитаны Нұрбол Бузабаев пен полиция аға лейтенанты Ержан Тлеубаевке Алакөл — Мақаншы автожолында көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.…
