Санат: Қазақстан

  • Жарық станциясының тарихи вокзалы жолаушыларды жаңарған келбетте қарсы алуда

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қарағанды облысында Жарық станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. Жарық станциясының теміржол вокзалы 1936 жылы салынған. Қайта жаңғырту жұмыстары барысында жалпы ауданы 484 шаршы метр болатын ғимарат кешенді түрде жаңартылды. Бір қабатты вокзал ғимараты жолаушылардың қауіпсіздігі мен…

  • Ақтөбе облысында Алға станциясының жаңғыртылған теміржол вокзалы ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақтөбе облысында Алға станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жөндеу шаралары Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде 124 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. 1935 жылы салынған Алға станциясының теміржол вокзалы кешенді қайта жаңғыртудан өтті. Жүргізілген жұмыстар аясында нысан жолаушылар инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, толық жаңартылды. Ғимараттың жалпы ауданы…

  • Ақмола облысында жаңартылған екі теміржол вокзалы ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысында Елтай және Есіл станцияларының теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимараттарын, инженерлік инфрақұрылымды, жолаушылар аймақтары мен іргелес аумақтарды жаңартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Шатырды монтаждау және жөндеу, сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерді орнату, перрондарды қайта жаңғырту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстары орындалды. Вокзалдардың қауіпсіздік деңгейі мен қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Жаңа эвакуациялық шығу жолдары ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес есіктер орнатылды. Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін пандустар жабдықталды. Нысандарды жаңарту барысында заманауи, берік, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және оңай тазаланатын материалдар қолданылды. Вокзалдардың қасбеттері фиброцементті панельдермен қапталып, ішін әрлеуде керамогранит, гранит және коммерциялық линолеум пайдаланылды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде отандық материалдар қолданылды. Елтай станциясының теміржол вокзалы 1973 жылы салынған. Қайта жаңғырту нәтижесінде бір қабатты ғимараттың ауданы 217,9 шаршы метрден 246,8 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Вокзал 2-санатқа жатады. Станция арқылы Павлодар, Көкшетау, Бурабай курорты, Петропавл, Қостанай, Астана және Қарағанды бағыттарымен қатынауды қамтамасыз ететін 10 жолаушылар пойызы өтеді. Есіл станциясының теміржол вокзалы 1943 жылы салынған. Қайта жаңғырту барысында пайдаланылатын жертөлені қоса алғанда, бір қабатты ғимараттың ауданы 406 шаршы метрден 485,4 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Вокзал 3-санатқа жатады. Станция арқылы Қостанай, Шу, Алматы, Астана, Қарағанды, Орал, Ақтөбе, Маңғыстау, Бейнеу, Семей және Арқалық бағыттарымен қатынауды қамтамасыз ететін 18 жолаушылар пойызы өтеді. Екі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар мен теміржол саласы қызметкерлері үшін неғұрлым жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді жағдай жасауға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарының сыртқы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kjvt/press/news/details/1283549?lang=ru

  • Алматыда 1 қыркүйекке дейін 15 магистральдық көшеде орташа жөндеу аяқталды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматыда биыл жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын 340 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарланған. Соның нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын 15 магистральдық көшенің учаскелерінде жөндеу аяқталды. Олар – Зенков, Жамақаев, Жетісу, Шемякин, Мәмбетов, Рысқұлбеков, Жанқожа батыр, Ескендіров,…

  • Алматы Қытайдың ең ірі туристік алаңында: қала Бейжіңде туристік әлеуетін таныстырады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылы 8-11 қыркүйек аралығында Алматы Пекинде өтетін Туризм саласындағы ынтымақтастық пен даму жөніндегі дүниежүзілік конференцияға (World Conference on Tourism Cooperation and Development) қатысады. Халықаралық іс-шара Shougang Park аумағында Қызметтер саудасының халықаралық көрмесі (China International Fair for Trade in Services, CIFTIS) аясындағы іскерлік бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Конференцияға…

  • Білім күні Шұбарқұдықта Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Білім күні Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп өз жұмысын бастады. 600 оқушыға арналған заманауи білім ордасында сапалы білім алуға барлық қажетті жағдай жасалған. Мектепте 22 оқу кабинеті, екі спорт залы және акт залы жабдықталған. Сонымен қатар информатика және IT кабинеттері, пәндік кабинеттер, зертханалар, зерттеу және практикалық сабақтарға арналған мамандандырылған кеңістіктер…

  • Ашутасты ауылында қала әкімінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Ашутасты ауылында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандырылуы және халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерді көтеріп, тиісті сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу, абаттандыру, коммуналдық мәселелер және басқа да әлеуметтік мәселелер…

  • 180,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдау аясында 33,5 млрд. теңге қаржы (субсидия) бөлініп, бүгінгі күні облыстағы 7,5 мыңнан астам шаруаға 29,4 млрд. теңге субсидия төленді. Сондай-ақ, қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 661 агроқұрылымға 14,7 млрд. теңге несие берілді. Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде жыл басынан бері ауыл шаруашылығында 180,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,5% өсім көрсетті.…

  • Білім күніне арналған салтанатты жиын.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 1 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебінде 1, 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің басы болған 1 қыркүйек – Білім күніне орай ұйымдастырылған «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы…

  • Жаңа 2026-2027 оқу жылына – жаңа оқулықтар!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 «Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 14 шілденің № 193 НҚ бұйрықпен енгізілген өзгерістермен, 2026-2027 оқу…

  • Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Білім күнімен құттықтауы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Бүгін – 1 қыркүйек, күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы да басталды. Барша оқушы, студент, ата-ана және ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтаймын! Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын мен де мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырын тыңдап, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған едім. Арада қанша жыл өтсе де, мектептегі сол күндер, ұстаздардың өнегесі…

  • БІЛІМ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 ЖАҢА МЕКТЕП ПЕН ҚОСЫМША ҒИМАРАТТАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Түркістан облысында білім күнінде жаңа мектептер пайдалануға берілді. Солардың бірі Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ашылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шарбұлақ ауылындағы 300 орындық «Шарбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысып, жұртшылықты құттықтады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Тамыз кеңесінде балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігіне баса мән беруді тапсырды. Бүгін…

  • Білім күнімен!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Құрметті  ұстаздар, ата-аналар және  оқушылар!  Сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы ғана емес, білімге ұмтылыс пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше күн. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Ал ұстаздар үшін жаңа оқу жылы – жас ұрпаққа…

  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алматыда 32 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Білім күні Алатау ауданындағы 2 мың оқушыға арналған №230 «Келешек мектебінің» салтанатты ашылуына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Қала әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда өткен ұстаздардың Тамыз конференциясында Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі…

  • Бүгін жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараға қатыстым.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгін жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шараға қатыстым.1 қыркүйек-оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін маңызды күн. Бұл білім алуға, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін жаңа кезеңнің басталуы. Барлық қатысушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға сәттілік пен жоғары нәтижелер, Педагогтарға — кәсіби жетістіктер, ал ата — аналарға-шыдамдылық, қолдау және амандық тіледім. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-astrahan/press/news/details/1283522?lang=ru

Exit mobile version