Санат: Қазақстан
-
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір халқына үндеуі
Ардақты Абайлықтар! Құрметті жерлестер! Бүгін сіздерге арнайы бейнеүндеу жасауды жөн көрдім. Абай облысы – ұлы тұлғаның атымен аталған, тарихы терең, табиғаты көркем өңір. Бұл – біздің ортақ үйіміз. Оны таза, жайлы, көрікті етіп ұстау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Тоғыз жолдың торабында бой көтеріп, аймақтық көлік-логистикалық хабқа айналып келе жатқан Семейіміздің географиялық орыны бізге үлкен мүмкіндік…
-
Семинар
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен 2026 жылдың 31 наурызы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына және басқа да заң бұзушылықтарға қарсы күрес және Әдеп кодексі саласындағы заңнамаларына түсіндірме жұмыстарын…
-
Алматы облысы тұрғындарының назарына!
Жол қызметі мамандары жоспарлы бақылау барысында «Кеген – Нарынқол» республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін уақытылы анықтады. Қосымша тексеру барысында тас жолдағы су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды шайып кеткен. Айта кету керек, бұл тасжол 1960-1970 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт көлік қатынап келеді. Осы уақытқа дейін аталған учаскеде…
-
ЖАБЫҚ МЕКЕМЕДЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
31.03.2026 Атырау қаласында орналасқан ІІМ ҚАЖДне қарасты #75 мемлекеттік мекемеге (СИЗО) Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірдегі өкілі Амангелді Абдолов және Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік жанындағы Сараптама кеңесінің мүшелері Роман Максотов, Әния Тулешева мониторинг жүргізді. Олар мекеме ғимараттарын, асхана, медициналық бөлімшелерін, аралап, қамауда жатқандардың камералары мен жағдайларын қарап шықты. Сонымен қатар,…
-
«Таза өлке» акциясы аясында Үшқұдық ауылдық округінде аумақты абаттандыру және тазалау бойынша ауқымды жұмыстар ұйымдастырылды
Акция аясында Үшқұдық ауылдық округінде кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оған әкімшілік қоғамдық қызметкерлер,Үшқұдық спорт кешені,Nur бала бақша,Үшқұдық өрт сөндіру бекеті,Үшқұдық мәдениет үйі қызметкерлері белсене қатысты. Акция барысында ауыл аумағы тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілді. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, ауылдың көркін жақсарту бағытында бірлесіп еңбек етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1193394?lang=kk
-
ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ КІТАП ТАРТУ ЕТІЛДІ
31.03.2026 Бүгін ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің Атырау облысы бойынша өкілі А.Абдолов және өкілдік жанындағы Сараптамалық кеңес мүшелері Р.Максотов, Ә.Тулешева, Г.Дюсупова Атырау қаласындағы ІІМ КАЖДға қарасты #79 мемлекеттік мекемеге (әйелдер колониясы) арнайы миссиямен барды. Амангелді Абдолов осы колония кітапханасына 57 кітап табыстады. Бұл өкілдің екінші тартуы. Осыдан 2 ай бұрын ол алғаш рет 40-тан аса…
-
Шығыс Қазақстанның үстел теннисіндегі жетістіктері талқыланды: «Казцинк» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті
Бүгін теннисі орталығында ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты үстел теннисінен жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Павлович Лазаревпен кездесуі өтті. Жиын барысында Шығыс Қазақстанның үстел теннисі үшін айтулы кезеңге айналған өткен жылдың қорытындылары сараланды. Тарихында алғаш рет облыс құрамасы ел чемпионатының алтын тұғырынан көрініп, чемпион атанды. Сондай-ақ…
-
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЛУЫ ТУРАЛЫ
31.03.2026 Бүгін Адам құқықтары жөніндегі Атырау өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібімен кеңес мүшелері мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселе талқылады. Атырау облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқарма басшысының орынбасары А.Турегариева өңірде мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін арнайы қызметтер мен шаралар туралы баяндама жасады. Содан соң сарапшылар сұрақ-жауапқа көшіп, өз…
-
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ РЕСУРСТАРЫН БАҚЫЛАУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСУДА
Денсаулық сақтау министрлігі саланы цифрлық трансформациялау шеңберінде Денсаулық сақтау ресурстарын басқару жүйесінің (ДРБ) жаңғыртылған нұсқасын енгізді. Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, олардың біліктілігі, сондай-ақ өндірістік базалар мен медициналық техника туралы деректерді біріктіретін цифрлық платформа. Аталған жүйе үздіксіз мониторинг пен қауіптерді профилактикалық түрде анықтауға негізделген мемлекеттік бақылаудың заманауи моделін қалыптастырады. ДРБ мемлекеттік және жекеменшік секторды…
-
Жамбылдық полицейлер қазақ күресінен чемпионатта жеңімпаз атанды
Жамбылдық полицейлер қазақ күресінен чемпионатта жеңімпаз атанды Жамбыл облысында ҚР ІІМ қызметкерлері арасында өткен қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен жиналған 300-ге жуық спортшы қызметкерлер қатысқан ауқымды додада балуандар өзара мықтыны анықтап қана қоймай, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Жарыс барысында қатысушылар ұлттық спорттың озық үлгісін көрсетіп, жоғары…
-
36 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды
2026 жылдың басынан бері 36,1 мың азамат, оның ішінде 16,7 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 56,8 мыңы – ағымдағы жылда тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,2 мың адам оқудан өтті. Оқуды аяқтаған 16,7…
-
Жамбыл облысында бір тәулікте мотокөлік жүргізушілерінің 240 жол ережесін бұзуы анықталды
Жамбыл облысында бір тәулікте мотокөлік жүргізушілерінің 240 жол ережесін бұзуы анықталды Жамбыл облысында 1–4 сәуір аралығында жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Тек бір тәулік ішінде жүргізілген рейдтік шаралар барысында жол қозғалысы саласында 240 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әсіресе, мотокөлікті мас күйде басқару деректеріне ерекше назар аударылуда. Осы…
-
Шымкентте полицияның гарнизондық таратуында үздік қызметкерлер марапатталды
Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың жетекшілігімен қоғамдық тәртіпті күзетуге түсетін жеке құрамның гарнизондық таратуы өтті.Іс-шара барысында сақшылардың қызметке дайындығы, қызметтік техниканың жай-күйі тексеріліп, ағымдағы жедел жағдай жеткізілді. Сонымен қатар алдағы кезекшілікке нақты міндеттер қойылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында марапаттау рәсімі де ұйымдастырылды. Қоғамдық…
-
ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
31.03.2026 Өткен аптада Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінде кезекті Әдеп жөнінде кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 6 мәселе, соның ішінде 2 тәртіптік іс қаралды. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысына Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі қатынасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193405?lang=kk
-
«Таза Қазақстан»
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Көкпекті ауылында ағаштар әктелді. Ауылдағы ағаштар ретке келтіріліп, тазалыққа көңіл бөлінді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/1193407?lang=kk
