Санат: Қазақстан
-
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШЕГІРТКЕ МЕН ЗИЯНКЕСТЕРМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданына арнайы іссапарымен келіп, зиянкестерге қарсы жұмысты үйлестіру штабының кеңейтілген мәжілісін өткізді. Өңірдегі фитосанитарлық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, сектор, мобильді топ жетекшілері мен болжам орталығының жауаптылары қатысты. Жиын барысында 2026 жылы аудан аумағында үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу және алдын алу…
-
Көкшетауда “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушылары Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алды
3 сәуірде Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың туған күнінде Көкшетау қаласындағы № 11 мектеп-гимназиясында батырды еске алуға арналған ерлік сабағы өтті.Патриоттық кездесуге “Жас сақшы” полиция сыныбының және басқа да әскери бағыттағы сыныптардың оқушылары қатысты. Полицейлер кездесу барысында оқушыларға капитан Байтасовтың өмір жолы, қызметі мен ерлігі туралы айтып берді. Оның батылдығы, қайсарлығы мен Отанға деген…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шарушылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелері тізімі туралы хабарлама
Шет ауданының әкімдігі жер учаскелерін 2026 жылдың 27 сәуірінде сағат 10-00-да конкурс өткізеді. Мекен-жайы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 24 / Акимат Шетского района проводит конкурс по предоставлению земельных участков, который состоится 27 апреля 2026 года в 10-00ч. По адресу: Карагандинская область, Шетский район, село Аксу-Аюлы, ул Шортанбай жырау, 24. …
-
Павлодарлық құқық қорғаушылар қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін атады
Тек соңғы екі жылдың ішінде Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері бірден төрт қаржы пирамидасының жолын кесті. Қаржы пирамидаларына қарсы күрес туралы @pavlodar.rsk алаңында өңірлік ЭТД өкілдері — бірінші жедел басқарманың басшысы Жоламан Киналбеков пен ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Арман Ізбастинов айтып берді. Олардың мәліметінше, Павлодар облысында төрт қаржы пирамидасының әрекетінен 300-ге жуық адам зардап…
-
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – әрқайсымыздың басты міндетіміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өз балаңызды түрлі қауіп-қатерлерден қорғауға көмектесе аласыз.Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-bainassay/press/news/details/1193589?lang=kk
-
2026 жылғы 2 тоқсандағы кедейлік шегі – 51733 теңгені құрайды
ШҚО бойынша аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек есептеу үшін 2026 жылғы 2 тоқсандағы кедейлік шегі – 51733 теңгені құрайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1193591?lang=kk
-
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады
Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет берілді. Министр адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырды. Мемлекет басшысына еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамы…
-
Kyzylorda Hub резиденті ұлттық стартап-батлда жеңімпаз атанды!
Шымкент қаласында өткен ауқымды «Digital Qazaqstan Battle» ұлттық стартап-батлының финалында Kyzylorda Hub резиденті — «CortexAI» стартап жобасы жүлделі 2-орынды иеленіп, 5 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа қол жеткізді!Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен іріктеліп шыққан ең мықты 18 команда қатысты. Батлға тек алғашқы сатылымдары бар, заңды тұлға ретінде тіркелген және нарыққа шығуға дайын (MVP сатысындағы) стартаптар…
-
Департамент қызметкерлерінің құқықтық және этикалық сауаттылығын арттыру
2026 жылғы 30 наурызда Департамент басшысы А.Н. Жаманбалина қызметкерлер арасында 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Іс-шара барысында елдің Негізгі заңының негізгі нормалары мен өзгерістері, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіне практикалық мәні егжей-тегжейлі қарастырылды. Арнайы көңіл азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заңдылық пен жауапкершілік принциптеріне аударылды. Жұмыстың мақсаты…
-
2024 жылдан бері шешілмеген: Жамбыл облысының прокуратурасы «Koksai Resort» инвесторының құқығын қорғады
Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуратурасыИнвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлесе отырып,«Koksai Resort» этно-туристік демалыс аймағы жобасын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқығын қорғады. Инвестор нысанды газбен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органға 2024 жылы жүгінген. Алайда өтініш ұзақ уақыт қаралмай тұрған. Аудандық әкімдік қаржыландыру жоқтығына сілтеп, бірнеше рет инфрақұрылымдық жобаны кері қайтарған. Прокуратура тексерісінен кейін барлық әкімшілік…
-
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫ 3 ШАҚЫРЫМҒА ҰЛҒАЙДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Созақ ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Аталған бастаманың аясында Шолаққорған – Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аумағы 3 шақырымға ұлғайтылып, бүгінгі күнге дейін 3000-ға жуық тал көшеті отырғызылды. Алдағы уақытта тағы 3000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр. Сонымен қатар кеңейтілген аумақты сақтау мақсатында арнайы шарбақтар…
-
Ғалымдар мал шаруашылығындағы шығындарды азайту үшін жаңа буын құрама жемдерін әзірлеуде
Қазіргі заманғы мал шаруашылығы толыққанды, экономикалық тұрғыдан қолжетімді және биологиялық құнды азықпен қамтамасыз етілуге тікелей байланысты. Бұл ретте дәстүрлі компоненттердің, әсіресе ақуыз текті қоспалардың қымбаттауы өнімнің өзіндік құнын арттырып, оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Осы мәселені шешу мақсатында отандық ғалымдар қымбат ақуыздық компоненттердің орнын алмастыру арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін құрама жем…
-
МАҚТААРАЛДЫҚ ДИҚАНДАР ЕРТЕ ПІСЕТІН ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН НАРЫҚҚА ШЫҒАРДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары 2026 жылғы алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірі – ерте пісетін қырыққабатты нарыққа шығаруды бастады. Биылғы маусымның алғашқы өнімін алғашқылардың бірі болып «Қылышбек» шаруа қожалығы жинап, экспортқа жөнелтті. Аталған шаруашылық кәріс селекциясына жататын «Пекинка» сұрпын өсіріп, алғашқы өнімін Ресей Федерациясына экспорттауда. Қожалық басшысы Сейсенбай Мусирманкуловтың айтуынша, шаруашылыққа тиесілі 9 гектар…
-
Орталық бақылауда: қала қауіпсіздігі — полицияның сенімді қолында
Талдықорған қаласының орталығында күн сайын мыңдаған адам жүріп өтетіндіктен, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау аса маңызды. Дәл осы жерде қала туралы алғашқы әсер, оның мәдениеті мен қоғамдық тәртіп деңгейі қалыптасады. Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Бұл жұмысқа тәулік бойы заманауи…
-
11 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
11 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудандық мансап орталығымен бірлесіп бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде 12 жұмыс беруші 23 қызмет орынын ұсынды. Мансап орталығының директоры Сәбит Өмірзақовтың берген мәліметіне сүйенсек, іс – шара аясында 11 адам жұмысқа орналасқан. Жіктесек, 2 жас маман “Жастар тәжірибесі” бойынша, 6 адам ақылы қоғамдық…
