Санат: Қазақстан

  • Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокатқа қатысты үкім шықты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігімен (сотта көрінеу жалған айғақтар беру) адвокатқа қатысты үкім шықты.   Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген. Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі…

  • ЖОМАРТ ЖАНДАРҒА АЛҒЫС!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақбай ауылында ауыл азаматтарының асарлатып салу әдісімен 100 адамдық ғибадат үйі бой көтергені баршаға мәлім. Қазіргі таңда мешіт жамағатының қолдауымен құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, еліміздің өркендеуіне және мешітіміздің көркеюіне тұрақты түрде демеушілік жасап жүрген жеке кәсіпкер Жұмашов Мейрамбектің қолдауымен ғибадат үйінің сыртқы қаптау жұмыстары қарқынды атқарылуда. Халқымызда: «Жомарттың қолы ашық, жүрегі жарық», «Алғыс алған…

  • АЛМАТЫДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласында медициналық туризмге арналған Almaty International Medical Tourism Forum халықаралық форумы өтті, аталған алаңда Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы, «Zhaniya Medical Services» ЖШС және үндістандық Max Healthcare Institute Limited компаниясының арасында медициналық туризм, кәсіби оқыту және тәжірибе алмасу бағыттарында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Форум Қазақстандағы медициналық туризмді…

  • ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮРДЕЛІ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЛАТФОРМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында заманауи ситуациялық орталық ашылып, жасанды интеллект негізінде радиологиялық-ақпараттық жүйе жобасы іске қосылды. Бұл бастама өңірдегі денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Жоба аясында ТМД елдерінде теңдесі жоқ жүйе құрылып, 27 медициналық нысан бірыңғай ақпараттық платформаға біріктірілді. Нәтижесінде радиологиялық зерттеулер орталықтандырылып, диагностиканың сапасы мен жеделдігі айтарлықтай артпақ.   Әлеуметтік…

  • Бас штаб бастығы «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуына және Сержанттардың жалпыәскерлік кеңесіне дайындықты тексерді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

     Алматы, Гвардейск және Қонаев гарнизондарына жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров бөлімшелердің жауынгерлік даярлығын тексеріп, әскери инфрақұрылым нысандарын инспекциялады.  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында ол командалық құрамға оқу бағдарламаларын қазіргі заман талаптарына сәйкестендіру, олардың практикалық бағытын күшейту және цифрлық технологияларды енгізу қажеттігін…

  • Innotech: Алматыда жоғары білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Innotech: Алматыда жоғары білім мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды Алматыда ашылуы жоспарланған Innotech powered by Arizona State University жаңа кампусында стратегиялық халықаралық серіктестер мен Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Cintana Education президенті Dr. Rick Shangraw, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Deje Holmes, Innotech powered by Arizona…

  • Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасының Үкіметі Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатта ұлы ойшылдың мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау, сондай-ақ Түркістанды рухани туризмнің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамытуға бағытталған 37 іс-шара қарастырылған. Жоспарда институционалдық және құқықтық базаны жетілдіру, ғылыми-зерттеу және білім беру…

  • СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа жобаның басталуымен құттықтап, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. «Президентіміз айқындап берген экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер аясында аймағымызда нақты істерді кезең-кезеңімен жүзеге…

  • Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды…

  • Қызмет дәстүрі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде ведомство қызметкерлерін құрметті демалысқа шығарып салуға арналған іс-шара өтті. ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов жаңадан зейнеткер атанған қызметкерлерге кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді. «Сіздердің азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Көп жылдар бойы сіздер қызметтің дамуына елеулі үлес қосып, жоғары жауапкершілік пен өз істеріңізге адалдықтың…

  • АУДАН АУМАҒЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында аудан көлемінде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті ауқымды сенбілік бүгін ауданның барлық елді мекендерін қамтып өтті. Сенбілікке ауданның дербес бөлімдері мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері белсене қатысып, бірлескен түрде тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «А-15» республикалық автомобиль жолының…

  • КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЗИ-ДА TEER ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстанда жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің озық технологияларын енгізу және клиникалық дағдыларды дамыту шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологтары митралды жеткіліксіздікті емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, бірегей операциялар жүргізді. Операциялар халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті: Dr. Ismail Ates, MD – Associate Professor of Cardiology Bahcesehir University и Dr. Zeynettin Kaya, MD, Yaşam Hospital. Іс-шара…

  • Шығыс Қазақстан облысында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында, Ақбұлақ ауылдық округінде ТЖД, ПД қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бірлесіп 1965 ж.т. ер адамды іздеді. Ақпарат бойынша, ол мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған, содан кейін ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған. Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Нәтижесінде ер адам Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды. Абырой…

  • Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адам екпе алды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Көктем-жаз мезгілінде кеміргіштер, кенелер және жануарлардың белсенділігі артып, аса қауіпті жұқпалы инфекциялардың таралу қаупі күшейеді. Бұл туралы  Алматы облысы санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында айтты. Аса қауіпті инфекциялар – эпидемиялық тұрғыдан жоғары қауіп төндіретін аурулар тобы. Олардың қатарына сібір жарасы, құтыру, туляремия, оба, кене энцефалиті және басқа да жұқпалар жатады. Бұл аурулар…

  • АЛМАТЫДА ПАТРОНАЖДЫҢ ӘМБЕБАП-ПРОГРЕССИВТІ МОДЕЛІН ЕНГІЗУДІҢ ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Алматы қаласында Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНИСЕФ өңірлік офисінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірлесуімен ұйымдастырылған «Бағалаудан әрекетке» атты патронаж қызметі жүйелерін нығайту жөніндегі субөңірлік кеңес өтті. Кеңестің мақсаты – ерте шақтағы балалардың денсаулығын, дамуын және әл-ауқатын қамтамасыз ететін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын үйде патронаждық қызмет көрсету жүйелерін…

Exit mobile version