Санат: Қазақстан
-
Қазақстанда 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды
Елімізде жемшөп дайындау науқаны жалғасуда.Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды. Оның ішінде 13,7 млн тоннасы – пішен, 1,2 млн тоннасы – пішендеме және 46,4 мың тоннасы – сүрлем. Жемшөп қорын қалыптастыру жұмыстары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері бірлесіп бекіткен 2026–2027 жылдардағы малды қыстатуға дайындық жұмыстарына сәйкес жүргізілуде. Жоспарға байланысты…
-
“Қазақстан – Менің Көзіммен” – Халықаралық Сурет Салу Байқауы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1264180?lang=ru
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабына және 19-бабының 6-тармағына сәйкес Амангелді аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі өз міндеттерін атқарудан босатылды. Амангелді аудандық мәслихатының жұмыс тобы бос орындарға байланысты учаскелік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну жөніндегі ұсыныстарды саяси партиялардан 2026 жылғы 27 шілде мен 10 тамыз аралығында қабылдайды. № 222 учаскелік сайлау комиссиясы – 1…
-
Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мыңға жуық адамға артты
Ресми еңбек нарығы нығайып, азаматтарды тұрақты жұмыспен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету деңгейі артып келеді. Қазақстанда еңбек нарығындағы оң үрдіс сақталуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 мың адамға артты. Өсімнің негізгі үлесі еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер…
-
📍 Аппараттық кеңес
Бүгін Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы департаменті басшысының төрағалығымен ағымдағы қызметке қатысты негізгі мәселелер талқыланған аппараттық кеңес өтті. Кездесуде келесі мәселелер талқыланды: 🔹 көпқабатты үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау; 🔹 тұрғын үй қорын түгендеу; департаменттің жұмыс бағыттары бойынша жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар…
-
QYZYLJAR SABANTUY 2026 аясында Татарстан Республикасы өнер шеберлерінің концерті өтті
QYZYLJAR SABANTUY 2026 өңіраралық мерекесі аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Татарстан Республикасы өнер шеберлерінің концерті өтті. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов құттықтап, өз сөзінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудың және көпжылдық достық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Концерттік бағдарлама татар…
-
Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг Павлодар облысында 97 заңсыз қоқыс орнын анықтады
Өңірдегі стихиялық қоқыстардың барлығы дерлік жойылды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ахуал туралы @pavlodar.rsk алаңында Экология департаменті басшысының орынбасары Әсет Сыздықов айтып берді. Ол «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының көмегімен анықталған 97 заңсыз қоқыс орнының 93-ін жергілікті атқарушы органдар тазалап үлгергенін атап өтті. Екі нысанды жою жұмыстары жүріп жатса, тағы екі жағдайда орнына барып тексеру барысында…
-
11 наших соотечественников стали призёрами турнира ITTF World Para Future Aktobe 2026
В Актобе проходит международный турнир по пара настольному теннису ITTF World Para Future Aktobe 2026. По итогам индивидуальных соревнований определились призёры. Аружан Гиниятова (7-й класс) Раушан Орынбаева (7-й класс) Ардак Нурмагамбетов (1-й класс) Кадырбек Токкожа (6-й класс) Аманкельды Рашкалиев (1-й класс) Балзия Таш (8-й класс) Али Макулбеков (8-й класс) Жанна Алиева (3-й класс) Талгат…
-
Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда
Постомат 24/7: Абай облысының тұрғындары құжаттарды алудың ыңғайлы тәсілін жиі таңдауда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Абай облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық сервистерді дамыту жалғасып жатқанын хабарлайды. Осындай шешімдердің бірі – дайын құжаттарды беруге арналған постомат. Ол азаматтарға құжаттарын ХҚКО-ның жұмыс уақытына…
-
Биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді
Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»…
-
«Бір стикер – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін»: Жамбыл облысының полицейлері ерекше акция өткізді
«Бір стикер – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін»: Жамбыл облысының полицейлері ерекше акция өткізді «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында ерекше акция ұйымдастырды. Дәстүрлі жадынамалардың орнына келушілерге «Бір стикер – бір әрекет» атауымен қысқа әрі маңызды ескертулері бар арнайы стикерлер таратылды. Акцияның негізгі идеясы қарапайым: ұялы телефон –…
-
Талдықорғанда «Family Fest – 2026» отбасылық фестивалі өтті
Талдықорғанда «Family Fest – 2026» отбасылық фестивалі өтті Бүгін Талдықорған қаласының жағажайында «Family Fest – 2026» отбасылық фестивалі өтіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Жазғы мерекелік кешке жүздеген қала тұрғыны қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше атмосфераға куә болды. Фестиваль балаларға арналған көңілді бағдарламамен басталды. Кішкентай қонақтар «TikTok Show», су шашу…
-
Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында 200-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылды
Шымкент қаласы Полиция департаменті қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қала аумағында бейнебақылау жүйесін кеңейту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Жыл басынан бері мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 3027 ұсыныс жолданып, оның 2652-сі бойынша тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде қала аумағында 219 бейнебақылау камерасы, 10 жарықтандыру шамы және 5 дабыл беру жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, білім…
-
QYZYLJAR SABANTUI – 2026: достық, дәстүр және бірліктің мерекесі
Петропавл қаласында халықаралық QYZYLJAR SABANTUI – 2026 мерекесі кең көлемде өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының мыңдаған тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ Қазақстанның өңірлері мен Татарстан Республикасынан келген делегацияларды бір арнаға тоғыстырды. Ауқымды мереке халықтар достығының, тату көршіліктің және рухани бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Петропавлға Татарстан Республикасынан 200-ден астам өнерпаз, музыкант және мәдениет қайраткерлерінен құралған үлкен шығармашылық делегация…
-
“AGROҚОЛДАУ-2026 “жобасы аясындағы өңірлік ғылыми-консультациялық кездесу
Бүгін, 24 шілдеде Айыртау ауданы Антоновка ауылында “БОРИСФЕН” ЖШС базасында “AGROҚОЛДАУ-2026″жобасы аясында өңірлік ғылыми-консультациялық кездесу өтті.Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы Айыртау, Есіл және ауданының мал шаруашылықтарының басшылары мен мамандарын біріктірді. Кездесудің басты тақырыбы — “мал шаруашылығындағы инновациялық шешімдер: заманауи технологиялар, жемшөп өндірісі және ветеринариялық қауіпсіздік”.Қатысушылар “Борисфен” сүт-тауар фермасының аумағындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жемшөп…
