Санат: Қазақстан
-
«Қауіпсіз аула» – қауіпсіз балалық шақтың бастауы!
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аулаларда жүргізілген түсіндіру жұмыстарымен танысты. Тәртіп сақшылары балалармен кездесіп, жол қозғалысы ережелері, ауладағы қауіпсіздік және сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Қауіпсіздік – өздеріңнен және ауладағы тәртіптен басталады», – деді өңірдің бас полицейі балаларға. Заңды құрметтеу мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру –…
-
Қарағанды облысының прокуратурасы монополистер тарапынан бизнес пен инвесторлардың құқықтарына қатысты 640-тан астам заң бұзушылықты анықтады
Қарағанды облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтірген табиғи монополия субъектілерінің қызметінде елеулі заң бұзушылықтарды анықтады. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету заңдылығына жүргізілген талдау барысында табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарының 640-тан астам бұзушылығы анықталды. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар – инвесторлардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтамау,…
-
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудың заманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендіру мәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамыту бағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарға бүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген…
-
Қазақстанда 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды
Елімізде жемшөп дайындау науқаны жалғасуда.Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні 15,9 млн тонна жемшөп дайындалды. Оның ішінде 13,7 млн тоннасы – пішен, 1,2 млн тоннасы – пішендеме және 46,4 мың тоннасы – сүрлем. Жемшөп қорын қалыптастыру жұмыстары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері бірлесіп бекіткен 2026–2027 жылдардағы малды қыстатуға дайындық жұмыстарына сәйкес жүргізілуде. Жоспарға байланысты…
-
Саран қаласының тұрғындарын «Саран қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ психологы Пустовалова Наталья Александровнамен таныстыру
Бүгін біз сіздерді Саран қаласының Отбасын қолдау орталығының психологы Пустовалова Наталья Александровнамен жақынырақ таныстырғымыз келеді.Наталья Александровна – тәжірибелі маман, ол күйзеліс, мазасыздық, отбасылық жанжалдар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік, бала тәрбиесі, эмоционалдық күйзеліс және өмірлік қиын жағдайлар бойынша психологиялық қолдау көрсетеді.📍 Кеңестер тегін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Отбасын қолдау орталығына жүгінуге шақырамыз.…
-
Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалы жаңартылды
Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалында реконструкция жұмыстары аяқталды. Жаңартылған нысан заманауи көлік торабына айналып, жолаушылар үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасалды. Сондай-ақ инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын қолданыстағы талаптарға толық сәйкестік қамтамасыз етілді. Жоба аясында 1965 жылы салынған вокзал ғимаратына кешенді реконструкция жүргізілді. Жаңғырту нәтижесінде нысанның жалпы ауданы 487,4 шаршы метрді құрады. Вокзал қажетті…
-
Қарқаралыда Bugyly Trail 2026 марафоны өтті
Қарқаралы өңірінде дәстүрлі Bugyly Trail 2026 марафоны өтіп, жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларды Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ринат Тілеубек құттықтап, сәттілік тіледі. Табиғаты көркем аймақта өткен марафон салауатты өмір салтын насихаттап, Қарқаралының туристік әлеуетін танытуға бағытталған маңызды спорттық шаралардың біріне айналды.…
-
Соңғы бес жылда Қосшыда 5 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты
Қосшы қаласының бес жылдығы қарсаңында қаланың даму қорытындылары шығарылуда. Қалалық инфрақұрылымды қалыптастырудағы маңызды бағыттардың бірі тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы болды. Мемлекеттік қолдау шаралары мен жеке инвесторлардың белсенді қатысуының арқасында тұрғындардың өмір сүру сапасы артып, баспанаға қол жеткізу мүмкіндіктері кеңеюде. Қосшыға қала мәртебесі берілгеннен бері 524 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Соның…
-
Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінде…
-
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ШетКоммунСервис» қызметкерлерімен 2026 жылдың 23-ші шілде күні «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты әңгіме-сұхбат отырысы өткізілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1263970?lang=ru
-
Маңғыстау облысында полиция күшейтілген режимде профилактикалық іс-шаралар өткізді
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұма және сенбі күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Іс-шара барысында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы №9 учаскелік полиция пунктінің іс жүргізу құжаттарына тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, отбасы-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар бойынша «қорғау нұсқамасы», «қолайсыз отбасы» және «ерекше талап» санаттары бойынша профилактикалық есепте…
-
Құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы міндеттер нақтыланды
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутовтың нұсқамасына сәйкес бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ. Балиев жеке құраммен саптық жиын өткізді. Іс-шара республикалық деңгейде өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Саптық жиын барысында «Қаңғыбас», «Таза Қазақстан», «Hi-Tech», «Қарасора», «Өз еркімен қару тапсыру», «Тасымалдаушы», «Квадрат» және «Есептегі…
-
Маңғыстау облысының полициясы құқықбұзушылықтарға себеп болатын жағдайларды жою бағытында жұмыс жүргізуде
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі – құқықбұзушылықтарды ашу ғана емес, сонымен қатар оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою арқылы алдын алу болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен анықталған себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдарға, ұйымдарға…
-
Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мыңға жуық адамға артты
Ресми еңбек нарығы нығайып, азаматтарды тұрақты жұмыспен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету деңгейі артып келеді. Қазақстанда еңбек нарығындағы оң үрдіс сақталуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 мың адамға артты. Өсімнің негізгі үлесі еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер…
-
Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік: прокуратура сақтық шараларын сақтауға шақырады
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, суға шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан бері) еліміздің су айдындарында 68 адам, оның ішінде 24 бала суға батып қаза тапқан. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 90 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды. Прокурорлар ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, су айдындарындағы жаппай демалыс орындарында рейдтер өткізуде, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, жадынамалар…
