Санат: Қазақстан
-
56 тонна қымыз, 70 мыңнан аса қонақ: Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық фестивалінің үздіктері анықталды
Астанада өткен «BaiQymyz» халықаралық фестивалі аясында ұлттық сусын – қымызды дәріптеуге арналған ауқымды байқауы қорытыныланды. Екі күнге созылған іс-шараға 70 мыңнан астам қонақ келіп, 56 тонна қымыз ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген өндірушілер қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар қымыздың сапасы, дәмі, дайындалу ерекшелігі мен…
-
ЕСКЕК ЕСУ АРНАСЫНДАҒЫ СУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ЖАҒАЖАЙ ЖАҚЫНДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Ескек есу арнасының бір бөлігінде жүзеге асырылып жатқан жаңа демалыс аймағының дайындық жұмыстарын аралап, көшпелі жиын өткізді. Нысанның инфрақұрылымы, қауіпсіздік талаптарының орындалуы және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар сараланды. Жоба аясында арнаның шамамен 1 шақырым бөлігі заманауи демалыс орны ретінде абаттандырылуда. Мұнда аптап ыстықта тұрғындар үшін суға түсуге арналған…
-
Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге ие болды
Атырау қаласында қазақтың көрнекті жырауы Кәрім Қисамеденұлының туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған айтулы додаға еліміздің әр өңірінен келген ақындар қатысып, суырыпсалма шеберліктерін көрсетті. Айтыс қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі кіші сержант Фариза Жетпісбай бас жүлдені жеңіп алды. Фариза Жетпісбай жыр додасында Кәрім жыраудың елдік мұрасын бүгінгі…
-
Құрметті Тоқтаров ауылының тұрғындары! Қысқаша сипаттама
«Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Тоқтаров ауылында әкімдік ғимаратында 2026 жылғы 13 шілдеде сағат 16:00 «Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау». телефон: 87143593342 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1256892?lang=ru
-
ұңғыма бұрғылау жұмыстары
Ақшатау кентінде халықтың жылқы жайылымы аумағында ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Жосабай жерінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ақмолит» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен бұрғыланып жатқан ұңғыма — қарапайым тұрғындардың сұранысына сәйкес жүзеге асырылып жатқан бірегей жобалардың бірі. Аталған компания «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ құрамына кіреді. Ақшатау кенті тұрғындарының атынан көмек қолын созған компания басшысы А.Ш.…
-
Астанада BaiQymyz-2026 фестивалінің алғашқы күні экологиялық акциямен аяқталды
BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалінің алғашқы күні аяқталғаннан кейін «Қазанат» ипподромының аумағында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Фестиваль қонақтары еріктілермен бірге аумақты тазалау жұмысына қатысып, қалған қоқысты жинап, іс-шара өткен орынды ретке келтірді. Бұл акция мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Қатысушылардың айтуынша, мұндай…
-
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына орай тұрғындарға құттықтау жолдады. Оны Шалкөде жайлауында өткен «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалінің салтанатты ашылуында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жеткізді. Президент құттықтауында осы қасиетті мекеннен ел мүддесіне адал қызмет еткен көптеген көрнекті тұлғалардың шыққанына тоқталып, бүгінде аудан халқы еліміздің ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салаларының…
-
Кәмелетке толмаған даяшылар мен өзін «жетіммін» деген оқушы қыз: полицейлер бір түнде нені анықтады
Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғынына «Менің анам жоқ, қайтыс болған, менен бас тартқан» деген сөзден «Анашым, келіп мені алып кетші» деген өтінішке көшу үшін бар болғаны бір сағат жеткілікті болды… Жазғы демалыс кезеңінде ювеналдық полиция қызметкерлері балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың және жасөспірімдердің түнгі уақытта себепсіз жүруінің алдын алу мақсатында күшейтілген түнгі рейдтер өткізуде. Ерекше бақылауда…
-
Пара үшін жалған жүктілік: әкімшілік қамақтан жалтару әрекеті
Ақсу қаласының ауданаралық соты полиция бөлімінің қызметкеріне қатысты пара алу және әкімшілік іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау фактілері бойынша айыптау үкімін шығарды. Анықталғандай, көлік құралын басқару құқығы жоқ әйел адам алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасаған. Әкімшілік істі қарау барысында сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде әкімшілік қамақ жазасы айыппұлмен ауыстырылған. Прокурорлар жүргізген…
-
Жылыкөң”- бұлағының көзін ашу, айналасын тазарту жұмыстары
Ақшатау кенті әкімінің ұйымдастыруымен кенттегі “Жылыкөң”- бұлағының көзін ашу, айналасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл іске демеушілік көрсетіп, эксковатор техникасымен тегін көмектескен SILK ROAD NDNFERROUS COPPORATION LTD жеке компаниясының басшысы А.Мухатаевқа рахмет айта отырып, отбасына береке, бірлік, жемісті еңбек тілейміз. Сонымен қатар осы істе ұйымшылдықпен қол көмектерін созған кент тұрғындары Д.Нурекин, З.Жукенов, Ж.Хамзин, А.Касымов, А.Шаймерден сынды…
-
Астанада BaiQymyz-2026 өтіп жатыр: Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді
Таңғы сағат 09:00-ден бастап «Қазанат» ипподромы іс-шараның басты алаңына айналып, елорда тұрғындары мен қонақтарын қарсы алды. Мұнда Қазақстанның барлық өңірінен келген өндірушілердің, шетелдік қонақтардың, халық шеберлерінің, спортшылардың, өнерпаздар мен мыңдаған келушінің басын қосқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. BaiQymyz-2026 – жай ғана қымыз фестивалі емес. Бұл…
-
Халықаралық серіктестерге діндердің климат мәселесіндегі рөлі мен жасанды интеллект этикасына арналған жобалар таныстырылды
Астана, 2026 жылғы 1 маусым Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды. Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді…
-
Атырауда экология мәселелерін шешудің жүйелі жолдары талқыланды
Атырауда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен кеңес өтіп, онда өңір экологиясына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Олардың қатарында шаңды дауылдардың жиілеуі, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын жаңғырту, өңірді көгалдандыру және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрттің алдын алу бағытындағы жұмыстар бар. Облыс…
-
Республикалық ақындар айтысында өскемендік Серік Қуанған жеңімпаз атанды
Катонқарағай ауданындағы халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында «Ақтанымын Алтайдың» республикалық ақындар айтысы өтті. Өнер додасында еліміздің әр өңірінен келген 12 айтыскер бақ сынады. Олардың қатарында Мақсат Ақанов (Қарағанды облысы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар облысы), Мейірбек Сұлтанхан (Астана қаласы), Абай Жолмағамбет (Маңғыстау облысы), Дәурен Ақсақалов (Түркістан облысы), Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы), Қанат Мырзахан…
-
Astana Pop Up Store: елордада жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі басталды
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Astana Pop Up Store жергілікті брендтердің алғашқы дизайн-фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль Креативті индустрияларды дамыту қоры мен MOST Holding арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылған алғашқы бірлескен жобалардың бірі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Екі күн бойы фестиваль алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 50-ден астам жергілікті бренд…
