Санат: Қазақстан

  • ТҮРКІСТАН: ЕРКІН КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ БЕКАСЫЛ АСАМБЕК ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Тайландтың Паттайя қаласында 4-5 шілде күндері еркін күрестен 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасының сапында сынға түскен түркістандық Бекасыл Асамбек 60 келі салмақ дәрежесінде шеберлік танытып, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Жеңімпаз спортшыны Түркістан халықаралық әуежайынан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан…

  • СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҒИМАРАТЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бағытындағы жобалардың бірі – «Созақ аудандық орталық ауруханасы» ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жоба аясында аурухана ғимараты толық жаңғыртылып, заманауи құрылыс талаптарына сәйкес қайта бейімделеді. Бұл өз кезегінде тұрғындарға сапалы әрі қолайлы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған жобаның бас мердігері – «KazBuildCo» ЖШС. Күрделі жөндеу…

  • «Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысы Полиция департаменті мен Абай облысының әкімдігі бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауға бағытталған кезекті рейд ұйымдастырды. Шараның мақсаты – заңсыз қоқыс орындарының алдын алып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. – «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде рейд…

  • Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары марапатталады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада 10 шілде күні «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Марапаттау рәсімі сағат 19:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда басталады. Бұл кеш отбасы құндылықтарын, сүйіспеншілік пен бірлікті, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мерекеге айналмақ. Іс-шара барысында өзгеге үлгі болып, ұлттық дәстүрлерді…

  • Алматыдағы республикалық форумда волонтерлер құтқару дағдыларын көрсетуде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Алматы қаласында еліміздің барлық өңірінен келген 20 команданың қатысуымен өтіп жатқан Республикалық волонтерлер форумы жалғасуда. Форумның екінші күні ең мазмұнды әрі тартысты кезеңдердің бірі болды. Қатысушылар төтенше жағдайларға барынша жақындатылған жағдайда өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сынады.   Жарыс басталар алдында ұйымдастырушылар волонтерлерге кезеңдерден өту тәртібін, бағалау критерийлерін және қауіпсіздік талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.…

  • Адамды бір батырмамен табу: Алакөл жағалауында жасанды интеллект полицияға көмектесуде

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Алакөл көлінің жағалауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи цифрлық жүйесі енгізілді. Демалыс аймағының аумағына жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған 223 бейнебақылау камерасы орнатылған. Қоғамдық орындардағы жағдайды полиция қызметкерлері тәулік бойы бақылауда ұстайды. Интеллектуалды жүйе құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға, ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуға, жоғалған балалар мен ересектерді іздеуге, сондай-ақ демалушылардың абайсызда қалдырып кеткен ұялы телефондары мен…

  • КИНО КЕШІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Тұран ауданында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және отбасылық демалысты насихаттау мақсатында ашық аспан астында кино кеші ұйымдастырылады. 📽️ Көрсетілетін мультфильм: «Жан» 📅 Күні: 10.07.2026 жыл🕣 Уақыты: 20:30📍 Өтетін орны: Құрсай шағын ауданы, Ақбата көшесінде орналасқан спорттық алаңша. Кино кешіне келіп, жақындарыңызбен бірге әсерлі мультфильмді тамашалауға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1255980?lang=ru

  • Ауруларды дер кезінде анықтау, емдеуді ерте бастау: скринингтен өту кезінде елордалықтар қандай құқықтарға ие

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Аурулардың алдын алу мен оларды ерте кезеңде анықтаудың ең тиімді құралдарының бірі – скринингтік зерттеулер. Олар ауруларды дер кезінде анықтауға, емдеуді ерте сатысында бастауға және ауыр асқынулардың даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің…

  • Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1255982?lang=ru

  • Маңғыстауда электрлі самокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары! 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрлі самокаттарды пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізілді. Қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электрлі самокат жүргізушілеріне мына әрекеттерге тыйым салынады: Рульді кемінде бір қолмен ұстамай жүру; Жолаушыларды тасымалдау; Ұзындығы немесе ені бойынша көлік құралының габаритінен 50 см-ден артық…

  • ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 5 шілдеде өткен Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысына сәйкес, Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Карл Бахтияр Асқарұлы Чапаев ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Осыған орай, аудан әкімі Мұрат Сердалин Чапаев ауылдық округінің активімен кездесіп, жаңадан сайланған әкімді таныстырды. Аудан басшысы Бахтияр Асқарұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс, ел игілігі жолындағы…

  • Қарақия ауданында шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жазғы шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдар мен жауапты мекемелердің басты назарында. Осыған байланысты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қарақия ауданының орталығы – Құрық ауылындағы теңіз жағажайында демалушылар мен аудан тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдын алу және сақтандыру шараларын ұйымдастыру мақсатында құрылған рейдтік топтың…

  • Департамент басшы орынбасары тағайындалды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының 2026 жылғы 9 шілдедегі №39-ж/қ бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары лауазымына Ермекбаев Нұрсұлтан Әлімбайұлы тағайындалды. Нұрсұлтан Әлімбайұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, жауапты қызметінде мол табыс, кәсіби жетістіктер,…

  • Шемішке таусылды — жауапкершілік қалды: Семейде жүргізуші қабықтарды жолға шашқан

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қаланың тазалығы коммуналдық қызметтердің жұмысынан емес, әр адамның күнделікті әдетінен басталады. Семей қаласында 35 жастағы жүргізуші Дулатов көшесімен келе жатып, теміржол өткелінде кезегін күтіп тұрған кезде шемішке шағып, қабықтарын көліктің терезесінен тікелей жолдың жүру бөлігіне лақтырған. Жүргізушінің бұл әрекетін қаланың бейжай қарамайтын тұрғыны байқап қалған. Қоғамдық кеңістікке деген мұндай жауапсыздыққа наразылық білдірген куәгер болған жағдайды…

  • «Орлёнок» және «Чайка» лагерлерінде қауіпсіздік сабақтары өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Жазғы демалыс – балалар үшін қызықты уақыт. Дегенмен қауіпсіздік мәселесі әрдайым басты назарда болуы тиіс. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Орлёнок» және «Чайка» балаларды сауықтыру лагерлерінің тәрбиеленушілері үшін тәжірибелік қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес лагерь корпустарының бірінде шартты өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер балаларды эвакуациялап, шартты өртті сөндіру және зардап…

Exit mobile version