Санат: Қазақстан
-
Еңбек инспекциясы мен «Байқоңыр» ауданы полициясының бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту кезінде заң бұзушылықтар анықталды
2026 жылғы 24 маусымда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, «Артем» базары аумағында балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізіді. Іс-шара барысында сауда орындары мен оған іргелес аумақ тексеріліп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту кезінде…
-
Қарағанды облысында жазғы туристік маусымда тұрғындар мен өңір қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді
Жаппай демалыс орындарында төтенше жағдайлар қызметтерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың патрульдеуі күшейтілді. Жағажайлар мен туристік аймақтарда құтқару бекеттері мен бақылау мұнаралары орнатылған, бейнебақылау жүргізілуде, қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық тақталар орналастырылған. Мамандар су айдындарында тұрақты рейдтер өткізіп, демалыс нысандарының дайындығын бақылап, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Балқаш көлінің жағалауындағы, Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің…
-
Жалаңаш күйде субұрқаққа түскен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды
Петропавлда әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын 2 шілдеге қараған түні сағат 00:30 шамасында мас күйінде Бас алаңдағы субұрқақта жалаңаш күйде жуынған ер адамның әрекеті тудырды. Құқық бұзушының әрекеті полицияның назарынан тыс қалған жоқ. Оның жеке басы анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адамның айтуынша, ол достарымен сыра ішкен, содан кейін не себепті субұрқақта…
-
Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалды
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №263-ж Бұйрығына сәйкес, еңбек шарты бойынша 2026 жылдың 3 шiлдесiнен бастап Сарманова Динара Сардарбекқызы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу – алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.Динара Сардарбекқызы 1986 жылы 1 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.2012 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін «Емдеу ісі»…
-
«Орман» этноауылы – Қарқаралы ауданы туристерінің тартымды мекені
Қарқаралы ауданы Қарағанды облысының ең тартымды туристік өңірлерінің бірі ретіндегі өз орнын нығайтып келеді. Ішкі туризмнің көрнекті нысандарының бірі – «Орман» этноауылы. Мұнда қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, табиғаттың әсемдігін тамашалап, көшпелі мәдениеттің ерекше атмосферасын сезіне алады. Этноауыл келушілерге жайлы киіз үйлерді, шатырлы қалашықты және пикник ұйымдастыруға арналған арнайы демалыс орнын ұсынады. Әрбір қонақ Ұлы…
-
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі өсімдіктері анықталды
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Батыр ауылындағы тұрғын үйге жүргізілген тінту барысында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерге ұқсас 65 түп өсімдік, сондай-ақ оларды өсіруге арналған құрал-жабдықтар мен есірткі затына ұқсас заттарды анықтап, тәркіледі. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің…
-
🔰 ДЕПАРТАМЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК БАҚЫЛАУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
✅ 2026 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы әлеуметтік желі қолданушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында еңбек заңнамасын сақтау және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша бейнетүсіндірме ұсынды. Бейнетүсіндірмеде келесі тақырыптар қамтылды:• еңбек заңнамасының сақталуын тексеру және мемлекеттік бақылау;• жоспардан тыс…
-
Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен профилактикалық кездесу өткізді. Кездесу барысында азаматтарға бөтен мүлікті ұрлаудың, оның ішінде велосипед ұрлығының алдын алу шаралары түсіндірілді. Полиция қызметкерлері тұрғындарға велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, арнайы құлыптау құрылғыларын пайдалануға және күмәнді адамдарды байқаса, дереу полицияға хабарлауға кеңес берді. Сонымен…
-
БӘЙДІБЕК: ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекендеріне табиғи газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі екенін атап өтті. Жобаны “KazBuildCo” ЖШС жүзеге асырды. Газ құбырының…
-
Серік Жұманғарин Philip Morris International басшылығымен ЕАЭО-да құрамында никотин бар өнімдерді техникалық реттеу мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ТМД және Орталық Азия аймағы бойынша Philip Morris International президенті Марко Мариоттимен кездесті. Кездесуде Серік Жұманғарин көп жылғы ынтымақтастығы мен Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін компанияға алғыс айтты. «Philip Morris Kazakhstan көп жылдан бері еліміздің ірі шетелдік инвесторының бірі. Біз компанияның жұмыс орындарын ашуға,…
-
Профилактикалық жұмыс жүргізілді
Қарақия ауданы Полиция бөлімінің Жетібай кенттік полиция бөлімшесінің профилактика кабинетінде есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын түсіндіру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ескертулер жасалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1253525?lang=ru
-
Санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары талқыланды
Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің төрағалығымен өткен мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының барысы қаралды. Аудан басшысы «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тазалық пен қоғамдық тәртіпке деген жауапкершілікті арттыру екенін атап өтті. Мәжілісте аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарының ұйымдастырылуы талқыланып, Шалқия тасжолы бойы…
-
Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең
Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясына қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев күшіне енген жаңа Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті.«Жаңа Преамбулада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау басты қағидат ретінде бекітілген. Билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылып,…
-
СҚО-да мал ұрлығының бірнеше фактісі бойынша сотталғандар бес жылға бас бостандығынан айырылды
Мамыр айының басында Солтүстік Қазақстан облысында мал ұрлады деген күдікпен ұсталған жас адамдардың видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тараған болатын. Сол кезде Тайынша ауданында полицейлер ауыл шаруашылығы жануарларын бірнеше рет ұрлады деген күдікке ілінген топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Тергеу барысында полицейлер 20 мен 24 жас аралығындағы ауданның төрт тұрғыны сәуір айының басынан бастап ауылдар мен…
-
Түрік инвесторларымен жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Түркияның «TIMFOG Engineering» компаниясының өкілдері Яйлалы Женгиз, Эйүп Севенжан және Көксал Салихпен кездесіп, заманауи жылыжай кешендерін салу, агроөндірісті әртараптандыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысының ұлттық азық-түлік нарығындағы импортқа тәуелділікті азайту тапсырмасына сәйкес, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.«Қызылорда облысы – әріптестік пен инвестициялар…
