Санат: Қазақстан
-
Кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы шеңберінде өрт сөндіру пункттерін құру және жаңғырту жұмыстарының барысы, сондай-ақ, күзгі әскери шақыру науқанына дайындық және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі…
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді
2026 жылғы 8 қыркүйекте Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және Басқарманың 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1-тармағының 1.1-тармақшасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы…
-
ЖЕРЛЕСІМІЗ – КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 🥉
Қырғыз Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жерлесіміз Қожанәсіп Аңсаған Азаматқызы овари ойынынан жүлделі III орынға ие болып, қола медальмен марапатталды. Бұл – Аңсаған Азаматқызының спорттағы табандылығы мен қажырлы еңбегінің, жоғары шеберлігі мен жігерінің жемісі. Халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орыннан көрінуі – жерлестері үшін зор мақтаныш. Қожанәсіп Аңсаған Азаматқызын айтулы…
-
1 қазаннан бастап жұмыспен қамту қызметін жетілдіруге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады.
Жұмыссыз мәртебесін алғанға дейінгі тиісті жұмыс іздеу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Бұл ретте жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі 1 қазаннан бастап өзгермейді. Жаңа тәсіл қалай жүзеге асырылады? Толығырақ бейнематериалдан біліңіз. Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DdOLtQQjhnX/?img_index=1 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1290972?lang=ru
-
Санаттарды салыстыру. Отбасылар үлгісі
Әлеуметтік қолдау деңгейі тек отбасы құрамына қарай анықталмайды Екі отбасының құрамы мен бала саны бірдей болғанымен, олардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқат деңгейі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Мысалыға екі отбасын алайық: әр отбасында екі ересек адам және төрт бала бар. Сырттай қарағанда, олардың отбасы құрамы бірдей. Алайда отбасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау кезінде оның құрамы мен…
-
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
Бүгін еліміз бойынша маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауы басталды. Шардара ауданындағы барлық сайлау учаскелері белгіленген уақытта өз жұмысын бастады. Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Учаскелер таңғы уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылып, дауыс беру үдерісі басталды. Шардара ауданы бойынша 33 сайлау учаскесі жұмыс істеп, онда…
-
2026-2027 жылдарға жылыту маусымына жергілікті қазандықтарды дайындау
Жылумен жабдықтау нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында бүгін мәслихат төрағасы О. Баймағанбетов әріптестері – қалалық мәслихат депутаттары Жаяубаев Ж.К. және Савчин Я.Н.-мен бірге РТИ шағын ауданындағы бірқатар тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін БМК қазандығына барды.Іс-шараға сондай-ақ қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Мұқтар мен «Сараньтеплосервис» ЖШС директоры С. Жансағымов…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗЫ МЕН ТӨБЕТ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Мемлекет басшысы тазы тұқымын сақтауға, көбейтуге, халықаралық деңгейде насихаттауға ерекше мән беріп келеді. Биыл елімізде алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтті. Осы орайда Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Тазы» және «Төбет» ит тұқымдарының көрме-фестивалі өтті. Ұлттық мұраны ұлықтаған іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі…
-
РЕСМИ АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУДА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК.
Соңғы уақытта әкімдіктің ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәтіндер, фотосуреттер, бейнероликтер мен инфографикалардың өзге ақпараттық ресурстарда толық немесе өзгертілген түрде қайта жариялану жағдайлары кездесуде. Осыған байланысты ресми ақпаратты пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарды ескерудің маңызы зор. Ең алдымен, оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар мен шығармашылық еңбек нәтижесі болып табылатын авторлық туындыларды…
-
Жамбылда полицейлер арасында жекпе-жек ұрыстан облыс біріншілігі өтті
Жамбылда полицейлер арасында жекпе-жек ұрыстан облыс біріншілігі өтті 💪Спорттық додаға облыстың қала және аудандық полиция бөлімдерінен, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөліністерден командалар қатысты. ✅Жарыстың негізгі мақсаты – қызметкерлердің жауынгерлік даярлығын шыңдау, дене дайындығын жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау. 🤼♂️Бірнеше кезеңнен тұратын тартысты бәсекеде полицейлер күш, ептілік пен төзімділіктерін сынады. Нәтижесінде қалалық және аудандық полиция бөлімдері…
-
C, D, E САНАТТАРЫ
Әр отбасының материалдық және әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Бір отбасының тұрақты жұмысы мен табысы болса, енді бір отбасына өмірінің белгілі бір кезеңінде мемлекет тарапынан көбірек қолдау қажет болуы мүмкін. Адамның өмір жағдайы бір қалыпта тұрмайды. Әртүрлі себептерге байланысты отбасының тұрмысы жақсаруы да, керісінше қиындауы да ықтимал. Сондықтан бағалау кезінде отбасының жалпы қазіргі жағдайын және оның әлеуметтік…
-
Қызметкерлермен талқылау
📃📌2026 жылғы 14 қыркүйекте Шөптікөл ауылдық округі әкімі аппаратында аппарат ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың және алаяқтықтың жаңа түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша әңгіме жүргізілді.Әңгімелесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қызметтік әдепті сақтау, сондай-ақ интернет-ресурстар мен заманауи технологияларды пайдалану кезінде сақтық пен қырағылықты арттыру мәселелері талқыланды.…
-
№ 7 жалпы білім беретін мектеп-интернаттағы құрылыс алаңына бару
11 қыркүйекте мәслихат төрағасы О. Баймағанбетов әріптестері – қалалық мәслихат депутаттары Жаяубаев Ж.К. және Савчин Я.Н.-мен бірге қалалық білім бөлімінің басшысы Г. Тохметованың, мектеп-интернат директоры К. Махаметчиннің және мердігер ұйымның қатысуымен “№7 мектеп-интернат” КММ-де көшпелі отырыс өткізді. Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты жөндеу жұмыстарының барысына мониторинг жүргізу, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуын және олардың орындалу сапасын бағалау…
-
Демалыс пен дамуды ұштастырған «Жас дәурен»
Ақмола облысының білім басқармасына қарасты «Жас дәурен» балалар оқу-сауықтыру орталығында жазғы маусым аяқталды. Жазғы кезеңде мұнда Ақмола облысының аудандарынан, сондай-ақ Астана және Көкшетау қалаларынан 800-ден астам бала демалып, сауықтырылды. Демалыс бағдарламасы сауықтыру, спорт, шығармашылық және ұлттық тәрбие бағыттарын қамтыды. «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарына – еңбекке құрметпен қарау, жауапкершілік, өзара көмек көрсету және мәдени мұраға ұқыпты…
-
Қазақстан орман шаруашылығы және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі «Корея Республикасы – Орталық Азия» министрлік форумына қатысты
2026 жылғы 14 қыркүйекте Сеул қаласында орман шаруашылығы және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі «Корея Республикасы – Орталық Азия» министрлік форумы өтті. Форум жұмысына Орталық Азия елдерінің бейінді мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері, Корея орман қызметінің, Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO), сондай-ақ БҰҰ-ның Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының (UNCCD) өкілдері қатысты. Форумда Қазақстан делегациясын…
