Санат: Қазақстан
-
АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
️ ️ ⚜️Аудан әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты. 🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары, мектептердің жаңа оқу жылына дайындық барысы, және Сарбие ауылдық әкімі аппаратының жұмысы талқыланды. Сарбие ауылдық әкімі аппаратының жұмысымен округ әкімі Кереев Әсет Сәкенұлы баяндама жасады. 🔹️Жиын соңында…
-
Алматыда психотроптық зат таратпақ болғандар ұсталды
Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымы дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері Jetour автокөлігін тоқтатты. Кейінге қалдыруға болмайтын тінту барысында алдыңғы жолаушы орындығының төсенішінің астынан қара түсті барсетка табылды. Оның ішінен изолентамен оралған, ақ түсті…
-
Бүгін алғаш рет Қазақы тазы күні атап өтіледі
Бұл күн қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алатын ит тұқымы – тазыларды сақтап, дамытуға назар аударуға арналған.Тазы ғасырлар бойы адаммен бірге өмір сүріп келеді. Жүйрік әрі төзімді тазы саятшылықта аңшыға серік болған.Бүгінде тазы – Қазақстанның ұлттық құндылығы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1284689?lang=ru
-
Жаңарған мектеп – жарқын болашаққа бастар жол
https://www.instagram.com/reel/DcvfWHgM4ZC/?igsi=cTJjMzdvM285dGgz Білім күні қарсаңында Әйтеке би ауданындағы білім беру саласы тағы бір қуанышты жаңалықпен толықты. Аудан орталығында орналасқан М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа 2026–2027 оқу жылында оқушылар игілігіне қайта берілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында жаңарған білім ордасына аудан әкімі Д.Тоғызбаев арнайы барып, ұстаздар қауымын, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен…
-
2026 жылы еңбек заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер бойынша семинар
2026 жылғы 2 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі У.Б.Бейсембаев АИТВ инфекциясы орталығының қызметкерлерімен «2026 жылы еңбек заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер және еңбек заңнамасына қатысты басқа да мәселелер» тақырыбында семинар өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1284691?lang=ru
-
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Білім күніне арналған жазбасы
Бүгін – 1 қыркүйек, күздің алғашқы күнімен бірге жаңа оқу жылы да басталды. Барша оқушы, студент, ата-ана және ұстаздар қауымын Білім күнімен құттықтаймын! Осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын мен де мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңыраудың сыңғырын тыңдап, үлкен өмірге алғашқы қадамымды жасаған едім. Арада қанша жыл өтсе де, мектептегі сол күндер, ұстаздардың өнегесі мен…
-
дәріс өткізілді
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 2 қыркүйекте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қостанай облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бөлімінің бас маманы С.М. Әбдікалықова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметкеріне «Электрондық үкімет порталы арқылы апостиль…
-
BusinessGO — Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған бірыңғай цифрлық платформа
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәсіпкерлерге негізгі бизнес-процестерді автоматтандыруға, қолмен атқарылатын жұмыстардың көлемін азайтуға және қажетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралдар барған сайын қажет болуда. Осындай шешімдердің бірі — кәсіпкерлерге арналған онлайн-касса, тауарлық есеп, фискалдық деректер, маркетинг, аналитика және қосымша цифрлық қызметтерді біріктіретін BusinessGO цифрлық платформасы. BusinessGO дегеніміз не? BusinessGO — бизнесті…
-
3 қыркүйек – қазақ тазысы күні
3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақ тазысы күніалғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақ тазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылған күніне орай белгіленді. 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақ тазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды. Қазақ тазысы ғасырлар бойы…
-
Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында бүгін Қоскөл ауылында ауыз су тарататын қосымша пункт іске қосылды.
Жоба Комсомол ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылды. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 13 млн теңгені құрады. Жоба аясында қолданыстағы су құбыры желісіне кесу жүргізілді, 700 метр су құбыры төселді және көмілді, көлемі 15 текше метр жерасты су жинағыш орнатылды, су құбыры құдығы жабдықталды және екі сорғы орнатылды. Тұрғындарға…
-
АУДАН ӘКІМІ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҚР Президентінің “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Жиын барысында 2026 жылдың 6 айында ауданда атқарылған жұмыстар…
-
Еліміздің қорғанысы жолындағы еңбек қашан да құрметті
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Диас Молдабаевтың төрағалығымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Жандос Бекмұрзаевты жаңа қызметке шығарып салуға арналған жиын өтті. Аудан әкімінің тапсырмасымен өткен кездесу барысында Диас Асылбекұлы: «Жандос Серікұлы 2025 жылдың шілде айында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалып, осы уақыт аралығында өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, жауапкершілігімен…
-
Қызылордада автоматтандырылған күріш өңдеу зауыты іске қосылды
«Абзал и К» серіктестігінің толық автоматтандырылған күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл – өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытудағы ірі жобалардың бірі. Заманауи кәсіпорынға 1 млрд теңге қаржы салынған, өндірістік қуаты 2,5 есе артып, қалдық көлемі 3-4 пайызға дейін азайды. Зауыт сағатына 12 тонна күріш өңдеуге қауқарлы.Компания Сырдария ауданында 3 мың гектарға жуық күріш егіп, өндірілген өнімді…
-
Ақтөбе облысында «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Ақтөбе облысында отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі отбасылардың өмір жолын көпшілікке үлгі етуге бағытталған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, байқауда үздік деп танылған отбасыларды құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік пен рухани…
-
Тәлімгерлік – кәсіби қалыптасудың негізі
Ұлытау облысы ПД-да жас қызметкерлермен жұмысты жетілдіру және олардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлердің кездесуі өтті. Жиында жас мамандарды қызметке бейімдеу, кәсіби шеберлігін арттыру, қызметтік тәртіп пен жауапкершілікті нығайту мәселелері талқыланды. Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы Алдияр Әбішев тәлімгерлерге жас қызметкерлермен жұмысты жүйелі ұйымдастырып, тәжірибесімен бөлісу және олардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына бағыт-бағдар…
