Санат: Жаңалықтар

  • Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы Халықаралық су ұйымын құру мәселесін талқылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары Хаолянь Шумен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар су шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және климаттық тұрақтылықты нығайту бағытындағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру…

  • Елордада қолжазба мұраны насихаттауға бағытталған жаңа жобалар таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ұлттық кітап күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Шетелдік қорлардағы құнды жазба мұралар» каталог-альбомының II томының таныстырылымы өтті. Жинақта қазақ, араб, парсы, шағатай және түркі тілдеріндегі 72 қолжазба мен сирек басылымның библиографиялық сипаттамасы берілген. Материалдар ғылыми археографиялық экспедициялар мен шетелдік қорларда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған. Сондай-ақ, «Ұлы даланың жазба мұралары» атты тұрақты…

  • Таза орта—жарқын келешек

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ауданның орталығы Темірбек Жүргенов ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында  ауқымды сенбілік өтті. Іс-шараға мекеме және бөлім қызметкерлері, сондай-ақ белсенді жастар қатысып, барлығы 567  адам жұмылдырылды. Сенбілік жұмыстары үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:Бірінші бағыт –Т.Жүргенов көшесінің басынан бастап полигонға дейінгі аралықты қамтыды. Бұл аумақта жол бойы тазартылып, жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылды. Екінші бағыт –…

  • Форумға қатысушылар облыстық сайлау комиссиясының жұмысымен танысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, «Жастар және сайлау» республикалық форумына қатысушылар облыстық сайлау комиссиясы орналасқан «Сайлау үйінің» жұмысымен танысты.Сол жағалаудағы жаңа ғимарат аймақ басшысының тапсырмасымен заманауи талаптарға сай жабдықталды. Әр өңірден келген делегация мүшелерінің айтуынша, осындай «Сайлау үйі» тек Қызылордада ашылған. Мұнда Daryn AI атты онлайн робот-көмекші іске қосылған.…

  • Қазақстан мен ЭЫДҰ 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық стратегиясын талқылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Өңірлік экологиялық саммит аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелламен кездесті. Келіссөздердің басты тақырыбы – ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайту және экономиканың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға көшу. Вице-премьер Серік Жұманғарин ЭЫДҰ тарапына Саммит даярлауға белсенді қатысқаны және Орталық Азиядағы тұрақты…

  • Қызылордада студенттердің халықаралық конференциясы басталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» «Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның салтанатты ашылуы өтті. Конференцияны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов ашып, халықаралық деңгейдегi шараға қатысушыларға сәттілік тіледі.Сонымен бірге ҚР ДСМ ғылым және адам ресурстарын дамыту департаментінің басқарма басшысы Гүлмира Алмағамбетова, AMANAT партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай,…

  • Ақмола полицейлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін құс түрін заңсыз аулау фактісін анықтады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Оқиға 22 сәуірде Целиноград ауданының аумағында орналасқан блок бекетте орын алды. Қызмет атқару барысында патрульдік полиция қызметкерлері Қостанай қаласы тұрғынының басқаруында болған “Hyundai Grandeur” маркалы автокөлігін тоқтатты.Көлікті тексеру кезінде полицейлер атылған құстардың екі ұшасын тауып алды, олардың біреуі — мемлекеттің ерекше қорғауындағы және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін қаздың түрі. Бұл түрге аң аулауға…

  • Маңғыстау облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігіне кешенді тексеру жүргізілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция, қылмысқа қарсы күрес және әкімшілік полиция басқармаларының қызметкерлері білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп өңірдегі оқу орындарында кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында білім беру нысандарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, дабыл түймелерінің жұмыс істеу қабілеті, сигналдардың сапалы берілуі және жеке күзет ұйымдарының дабылға уақтылы әрекет етуі бақылауға…

  • Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісіп бекітті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Дьяченко Андрей Николаевич “Банк ВТБ (Қазақстан)” АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының орынбасары – АҚ Басқарма мүшесі лауазымына келісіп бекітті (2026 жылғы 20 сәуірдегі № 26/БВУ/Т хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1207395?lang=kk

  • «Мен қауіпсіздікті таңдаймын» флешмобы “Жайықмұнайгаз” МГӨБ-ның Забурын кен орнында

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Мен қауіпсіздікті таңдаймын» флешмобы аясында “Жайықмұнайгаз” МГӨБ-ның Забурын кен орнында Арнаулы техникалар және автокөлік колоннасының 6-разрядты цементтеу агрегатының моторисі (машинисі) Қуанғали Күншекеев қауіпсіз еңбек қағидаларын айтып өтті. #Еңбектіқорғаукүні #ДеньОхраныТруда #Қауіпсіздіктітаңдаймын #ЯВыбираюБезопасность Атырау2026 НөлдікЖарақат Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1207396?lang=kk

  • Қызылордада алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері бас қосты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 23 сәуірде «Жастар және сайлау» республикалық форумы аясында ашық пікір алмасу форматында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері сайлау үдерісінің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға 400-ден астам жас сайлаушы қатысты. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының, еліміздің барлық өңірлерінен Жас сайлаушылар клубтарының мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент…

  • Таза Қазақстан

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    23 апреля в аппарате акима проведён субботник, в ходе которого приведена в порядок территория сельского акимата, убраны ветки после кронирования деревьев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-belgorodskoe/press/news/details/1207377?lang=kk

  • ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КӨКТЕМГІ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Кентау қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары ұсталатын қора-жайлар мен іргелес аумақтарда көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аталған іс-шаралар жыл сайын екі рет – көктем және күз мезгілдерінде ұйымдастырылады. Арнайы қорасы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын тұрғын үйлер үшін бұл жұмыстар мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті жұқпалы…

  • Аудандық мәслихат депутаттарының назарына!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Аудандық мәслихат депутаттарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46 сессиясы 2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 17.00-да аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.Сессияның күн тәртібінде «Арал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы №103 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және басқа…

  • ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120 КІТАП ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекелік іс-шара аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бірлесіп, мазмұны терең, тағылымы зор игі бастаманы жүзеге асырды. Бұл күні 120 дана кітап қала тұрғындары мен қонақтарына тегін таратылды. Бұл тек кітап тарату акциясы ғана емес, әр оқырманға бағытталған рухани сый, білімге…

Exit mobile version