Санат: Жаңалықтар
-
Еуразия кубогы: елордалық бүлдіршіндер Түркияда айтулы жеңіске жетті
Елордалық балабақшаның бүлдіршіндері Түркиядағы Еуразия кубогы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Түркияның Тоқат қаласында тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық Еуразия кубогы турнирі өтіп жатыр. Дүбірлі додаға Қазақстан, Мысыр, Сирия, Түркия және Чехия елдерінен 40-қа жуық спортшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатында Тоқат қаласының әкімі Мехмет Языжыоғлу түркі халықтарының төл зияткерлік ойындарының…
-
Қазақстанда ядролық кластерді дамыту мыңдаған жұмыс орнын құрып, өнеркәсіп пен экономиканың өсуіне ықпал етеді
Ядролық кластерді дамыту үшін электр желілік инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту және дамыту қажет болады. Жаңа атом қуаттарын БЭЖ-ге толыққанды интеграциялау үшін жоғары кернеулі электр беру желілерін, қосалқы станцияларды, желілік қосылу элементтерін және көлік-логистикалық инфрақұрылымды салу талап етіледі. Атом энергетикасын дамыту елге тек энергетикалық емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік-экономикалық тиімділік береді. Ірі құрылыс және өнеркәсіптік жобалар дәл…
-
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ белгіленген тәртіппен «өмірді сақтандыру» саласында қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия қайта рәсімделді
Агенттік Төрағасының орынбасарының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № Б-78 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ «өмірді сақтандыру» саласында қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген № 2.2.20 лицензия қайта рәсімделді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1204177?lang=kk
-
ҚазҰУ-да жаңа жасанды интеллект зертханалары іске қосылды
ҚазҰУ-да жаңа жасанды интеллект зертханалары іске қосылды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Al-Farabi AI Center ғылыми-зерттеу орталығы құрамындағы Farabi AI in Healthcare & Life Sciences Lab және Farabi Agentic AI Lab мамандандырылған зертханаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, вице-министр Динара Щеглова, ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт…
-
Астана-Петропавл тас жолында есірткіге мас болған ауыр жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды
Патрульдік полиция қызметкерлері Астана – Петропавл республикалық автожолында болуы мүмкін ауыр зардаптардың алдын алып, психостимуляторлық заттардың әсерінде болған ауыр жүк көлігінің жүргізушісін ұстады.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде полицейлер DAF маркалы жүк көлігін тоқтатты. 36 жастағы жүргізушінің мінез-құлқы инспекторларға күдік туғызды. Сондықтан ол медициналық куәландыруға жіберілді, оның нәтижелері психостимуляторларды қолдану фактісін растады.Ер адам Петропавл қаласынан Макинск…
-
Шымкентте рациялармен әрекет еткен гастролер-ұрылар ұсталды
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен пәтер ұрыларының тобын әшкереледі. Күдіктілер – Алматы облысынан келген үш азамат. Олар қала аумағында бірнеше ұрлық жасауға үлгерген. Тергеу барысында олардың қылмыс жасау үшін иелері үйде болмаған кезді пайдаланып, көбіне түнгі уақытта ішке заңсыз кіргені анықталды. Қолды болған заттардың қатарында ақша қаражаты мен алтын…
-
Аудан әкімі Сымбат Төретаев Жетібайдағы маңызды нысандардың құрылысын бақылады
18 сәуір күні Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев жұмыс сапарымен Жетібай ауылына барып, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты. Іссапар аясында аудан басшысы алдымен «Ш.Ыбырайымұлы» шағын ауданында салынып жатқан қоғамдық кеңістіктің құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба-тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ ауылдың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың…
-
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік…
-
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу
ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған “БЖЗҚ” АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы “Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару” бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық…
-
Астанада өндірісте зардап шеккен жұмыскерлерге төлемдер тағайындау тетігі талқыланды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Жиынға сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, республикалық кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында еңбек міндеттерін орындау кезінде зардап шеккен жұмыскерлерге, оның ішінде регрессші-кеншілерге…
-
ТҮРКІСТАНДА «ULYLARDYN OTANY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 16-22 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өтетін «ULYLARDYN OTANY» халықаралық суретшілер симпозиумына байланысты баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шара барысында симпозиумның негізгі мақсаты – Оңтүстік өңірі мен Түркістан облысынан шыққан тарихи тұлғалардың рухани және тарихи бейнелерін кенеп бетінде жаңғырту, олардың мұрасын кеңінен насихаттау екені атап…
-
Адам папиллома вирусы
2024 жылғы қыркүйектен бастап республикада АПВ-ға қарсы жоспарлы вакцинация 11 жастағы қыз балаларға және 12-13 жастағы қыз балаларға толықтыра вакцинациялау жүргізілуде.Ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика бойынша АПВ-ға қарсы 1-кезеңде – 213,7 мыңнан астам, 2-кезеңде – 125,5 мың қыз бала егілді. Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1204125?lang=kk
-
ШҚО-да Өскемен-Ресей шекарасы бағытындағы автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жалғасуда
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы» автомобиль жолындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады. Аталған жолдың Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 121 шақырымды құрайды. 2024-2025 жылдары бұл бағытта орташа жөндеу жүргізіліп, 94 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселген. Биыл жұмыстар Зевакино ауылынан Рассыпное ауылына дейінгі 27 шақырымдық учаскеде жалғасады.…
-
Қарғалы ауданында кәсіпкерлермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Қарғалы ауданында кәсіпкерлермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев пен аудан прокуроры Ернар Урекешов кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға екі өтініш беруші қатысты.Алғашқы болып «Пчеловоды Актобе» СПК-нің басшысы Александр Сенацкий өз мәселесін көтерді. Ол ауыл шаруашылығы алқаптарында гербицидтерді қолдану барысында ара шаруашылығына келетін қауіп-қатерге назар аударып, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізер…
-
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 1. БЖЗҚ енгізген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі инернет-платформа дегеніміз не? Азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. 2. Бұл жобаның мақсаты қандай? Жобаның мақсаты – халықты осы бағыттағы мәліметтен хабардар ету деңгейін арттыру және зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы деректерді жариялауды үндестіру және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін факторларды түсіндіру есебінен зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктері туралы тұрақты түсінік қалыптастыру. Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа – бұл салымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн-режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. 3. invest.enpf.kz порталында салымшылар қандай ақпаратқа қол жеткізе алады? invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-лардың реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Интернет-ресурс кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жүйеленген түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол белгілі бір кезеңдер аралығын таңдау арқылы динамикада сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар) басқаруындағы зейнетақы активтері портфельдері бойынша әртүрлі деректерді салыстыруға мүмкіндік береді. Салымшыларға инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өз мақсаттарына сай келетін басқарушыны және оның инвестициялық стратегиясын таңдауға арналған құралдар ұсынылады. Осылайша, бірыңғай интернет-платформа зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды тетігіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға саналы түрде қатысуына және өзінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді. 4. Платформаның негізгі мүмкіндіктері қандай? • Ақпараттың көрнекілігі мен қолжетімділігі Барлық деректер пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлы және түсінікті форматта ұсынылған, бұл салымшыға өз қаражатының қайда және қалай инвестицияланатынын көруге мүмкіндік береді • ИПБ-лардың кірістілігі мен көрсеткіштерін салыстыру Платформа ИПБ-ларды портфель құрылымының кірістілігі, зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құны, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялық қызмет нәтижелері сияқты негізгі өлшемдер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. • Инвестициялық стратегияны саналы түрде таңдау Салымшы инвестициялық декларацияларды дербес зерделей алады және зейнетақы жинақтарын активтерді инвестициялық басқару критерийіне сәйкес өзі таңдаған ИПБ-ның басқаруына бере алады. • Салымшы толық ақпараттық бақылау жасай алады Қажетті талдау жүргізе отырып, Пайдаланушы порталдан жеке кабинетке өту арқылы өзінің жеке зейнетақы активтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алады. Қажет болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аудара алады. 5. Салымшы жеке кабинетте қандай операцияларды орындай алады? Жеке кабинетте салымшы: • ИПБ-ға/дан – ҚРҰБ-қа/тан беру/қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады; • ИПБ таңдау (өзгерту туралы) туралы немесе ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру қағидалары және шарттарымен таныса алады; • ИПБ таңдау (өзгерту туралы) немесе ҚР ҰБ-ға қайтару туралы өтініш беру және оның мәртебесін қадағалау; • басқа да зейнетақы қызметтері қолжетімді. Тақырып бойынша сұхбат: https://youtu.be/W9vL4G67ESc?si=Y-FxABaaMphxsfsp Бейненұсқаулық: https://youtu.be/XH8ZjgxhkpQ?si=RrcYaR64wpj_wbvH
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» БЖЗҚ енгізген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі инернет-платформа дегеніміз не? Азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі…
