Санат: Жаңалықтар
-
Мерзімді еңбек шарттары бойынша жұмыскерлер
Еңбек кодексі «уақытша жұмыскерді» дербес санат ретінде бөліп көрсетпейді. Жұмыстың сипаты мен мерзіміне қарай Еңбек кодексінің 30-бабында көзделген негіздер бойынша мерзімді еңбек шарты жасалады. Мерзімді еңбек шарты: 1) бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге; 2) белгілі бір жұмысты орындау уақытына; 3) уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына; 4) маусымдық жұмысты орындау уақытына; 5) халықтың көші-қоны…
-
Ыстық ауа райы: жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге арналған ұсынымдар
Ауа температурасы жоғарылаған кезеңде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға ерекше назар аудару қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес ашық ауада, жылытылмайтын үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлерге демалу және салқындау үшін арнайы үзілістер беріледі. Бұл үзілістер жұмыс уақытына енгізіледі, ал жұмыс беруші жұмыскерлердің демалуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңсе жұмыскерлері…
-
ҚР ОСК МҮШЕСІ МИХАИЛ БОРТНИК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
2026 жылғы 13-14 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Шығыс Қазақстан облысына инспекциялық сапармен барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысымен танысты, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын зерделеді. Сапар аясында ол Өскемен және Риддер қалаларындағы сайлау учаскелерінде болып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесті. Сапардың бірінші күні…
-
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
Қауіпсіз еңбек жағдайлары – жай ғана ұсыным емес, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс берушінің міндеті. Жұмысшының өмірі мен денсаулығы – еңбек заңнамасының негізгі басымдықтарының бірі. Жұмыс беруші жұмысты зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін барынша болдырмайтындай немесе төмендететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. 📌 Жұмыс беруші нақты не істеуге міндетті? ҚР Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс…
-
Интернеттегі инвестициялық алаяқтықтан сақ болыңыз!
Полиция азаматтарды әлеуметтік желілер, мессенджерлер және интернет-платформалар арқылы ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобалардан сақ болуға шақырады. Алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компания қызметкері немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, “жоғары табыс”, “кепілді пайда” “тәуекелсіз инвестиция” ұсынады. Алғашында аз мөлшерде ақша салуды сұрап, жалған сайт немесе қосымша арқылы қаражаттың өсіп жатқанын көрсетеді. Кейін “инвестицияны көбейту”, “комиссия төлеу”, “шотты бұғаттан…
-
ІІМ “Қауіпсіз үй” іс-шарасын қорытындылады: 1300-ден астам азамат көмек алды
ІІМ “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Негізгі міндет – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қою емес, ең алдымен адамдарды қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету. Бұл жұмыста полиция, жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салалары, дағдарыс орталықтары, психологтар мен қоғамдық ұйымдар бірлесіп жұмыс…
-
Әйтеке би ауданында халық сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілді
Әйтеке би ауданындағы барлық елді мекенді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Жабасақ ауылдық округіне қарасты Аққұм ауылында орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуымен аудан халқының 100 пайызы таза ауызсуға қол жеткізді. Аққұм ауылында су құбырының құрылысы 2023 жылы басталған. Жобаны іске асыру барысында мердігер ұйым тарапынан қиындықтар туындап, жұмыстар уақытша тоқтатылды. Кейін мердігер ауыстырылып,…
-
Жамбыл облысында үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ирригация желілерін реконструкциялау жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен Жамбыл облысындағы 14 каналды бетондау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл каналдардың жалпы ұзындығы 85,5 шақырым. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 80 шақырым болатын «Сәмбет», «Байзақ», «Жамбыл», «Қуат», «Қуат оң жағалауы», «Қуат сол жағалауы»,…
-
Қазақстан мен Таиланд демократиялық және сайлау институттары саласындағы диалогты нығайтуда
Бангкок, 2026 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұханның Таиландтың Сайлау комиссиясының мүшесі Ситтичоти Интарависетпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Елші Таиланд тарапын Қазақстандағы конституциялық және саяси жаңғыртудың негізгі бағыттарымен, оның ішінде заң шығару процесін оңтайландыруға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған қос палаталы Парламенттен бір палаталы Құрылтайға көшу реформасымен таныстырды. Ерекше…
-
Апталық шолу
10.08 Түркістан облысы Түркістан облысында 250 мың адамды сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін жоба іске асырылып жатыр. 11.08 Түркістан облысы Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру жобасын жүзеге асырып жатыр. 11.08 Астана Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов…
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады
Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1274765?lang=ru
-
Полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Алматы облысындағы “Өрнек” лагерінде 70 баланың қатысуымен “Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі” тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті. Балаларға жолдағы, судағы және интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылды“Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында Ішкі істер министрінің бастамасымен 2026 жыл “Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі” жылы…
-
Қауіпсіз балалық шақ: Алматы облысында әскери-спорттық ойын өткізілді
Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2026 жыл – “Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі” жылы аясында Алматы облысы Қонаев қаласындағы “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ұйымдастыруымен әскери-спорттық ойын өтті Іс-шараға 285 бала, әкімшілік полиция комитетінің өкілдері, Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері, прокуратура, білім беру саласының өкілдері, балалардың құқықтарын…
-
Қазақстан мен Бельгия дипломатиялық қатынастарының 34 жылдығына орай Брюссельде велошеру өтті
Брюссель, 2026 жылғы 16 тамыз — Қазақстандағы Спорт күнінде еліміздің Брюссельдегі Елшілігі Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толуына орай велошеру ұйымдастырды. Қатысушылар Бельгияның ең танымал көрікті орындарының бірі әрі болашаққа ұмтылыстың символы саналатын Атомиумнан жолға шығып, дипломаттармен, Бельгияда тұратын отандастарымыз бен студенттермен, сондай-ақ бельгиялық серіктестер мен Қазақстанның достарымен бірге белгіленген маршрут…
-
Ақтауда Қазақстан Премьер-лигасының ойындары қайта жанданды
Ақтауда жаңартылған «Жас Қанат» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында жергілікті «Каспий» мен Семейдің «Елімай» командалары арасында матч өтті. Ойынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұл матч Ақтау футболындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Ұзақ үзілістен кейін қалада Қазақстан чемпионатының үй матчтары жаңартылған стадионда қайта өткізіле бастады. «Каспийдің» «Жас Қанат» стадионындағы…
